"Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 173 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 42 бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, 37 бабының 8 тармағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереже, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 139 "Құрманғазы ауданының кейбір жергілікті атқарушы органдарын қайта құру туралы" қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 218 "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" және Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 214 "Атырау облысы Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулылары жойылсын.

      3. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындаған еңбек қатынастарын және мүліктерді қалыптастыратын шараларды қабылдасын, сондай-ақ мемлекеттік мекемені мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н. Калиев

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "27" маусымдағы
№ 173 қаулысымен бекітілген
қосымша

"Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлімі) Құрманғазы ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік ішкі саясатты, мәдениет, тілдерді дамыту және салауатты өмірді насихаттап, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, 2.

      10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Құрманғазы ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізіп, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту салаларына және дене шынықтыру мен спортты дамытуға жетекшілік етеді.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңда белгіленген тәртіпке сай облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен, меншік түріне қарамастан ұйымдармен, мекемелермен өз құзыреті шегінде өзара байланыс жасау;

      тиісті кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімі аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат сұрату;

      міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті органдарға ұсыныс жасауға;

      мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан құзыретіне жатқызылған мәселелері жөніндегі қажетті ақпаратты сұратуға;

      белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      бөлім өз құзыреті шегінде әкімшілік істерді қарауға және хаттамалар мен қаулылар қабылдауға құқылы;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олардың орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауға;

      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

      2) міндеттері:

      қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру;

      өңірде мемлекеттік басқару жергілікті органдармен мемлекеттік ішкі саясаттың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлімнің құзырына жататын мәселелері бойынша орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      ауданда мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыру;

      дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

      ұлттық спорт түрлерін дамыту;

      дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады;

      Қазақстан Республикасының спорттық тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасау және бақылауды жүзеге асырады.

      15. функциялары:

      қоғамдағы демократиялық институттарды нығайтуға қатысу, Қазақстанның даму Стратегиясының, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау;

      ішкі саясат, қоғамдық – саяси саласының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;

      ішкі саясат саласындағы концептуалды негіздер мен тәжірбиелі ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық ұқсастықты қалыптастыру, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары негізінде ұсыныстарды өндіру;

      өңірде болып жатқан қоғамдық – саяси процестер мен олардың даму барысын жан-жақты және обьективті зерделеу, қорытындылау және талдау;

      мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде жүзеге асыру, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мемлекеттік тапсырысты орындау, оны өткізу бойынша үйлестіру, бұқаралық ақпарат баспа және электронды құралдардың мониторингін жүзеге асыру;

      өңірде қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтану және саясаттану зерттеулерін жүргізу;

      бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу саласының жұмыстарын үйлестіру;

      аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу, құқық қорғау, басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс жасап, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық наразылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен, оның ішінде, оппозициялық бағыттағылармен алдын алу жұмыстарын жүргізу. Жоғарғы органдарға күнбе-күнгі мәліметін, айлық, тоқсандық, жылдық есептерін, ақпараттарын уақытында ұсынып отыру;

      ақпарат құралдарына мониторингін жүргізу;

      мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және аудандағы қоғамдық-саяси шаралардың, атқарылған жұмыстардың ақпараттық насихатталуын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын мақалаларды дайындау және жариялануын қамтамасыз ету. Жарияланатын мақалаларға мониторинг жүргізу, аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жасау, жоғарғы органдарға ай сайынғы ақпаратын жолдап отыру;

      мекеме, кәсіпорындардағы, мектептердегі қайырымдылық қорларының жұмыстарын жүйелеу, үйлестіру, ұйымдастыру. Аудандағы қайырымдылық акциялары туралы ақпараттарды жинақтау;

      "Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы" атағына ұсынылатын кандидаттардың құжаттарын саралайтын арнайы комиссия жұмыстарын, іс-қағаздарын жүргізу;

      аудан бойынша жыл қортындысымен "озат" және "үздік" қызметкерлерді марапаттау жөніндегі комиссия жұмыстарын жүргізу;

      "Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасына" ұсынылған іс-қағаздарын жүргізу, маслихаттың сессиясына ұсыну;

      аудан әкімінің "алғыс хатына" түскен ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізу;

      Құрманғазы ауданы әкімдігінің интернет ресурсының (Atyrau.gov.kz) аудан бойынша жұмысын үйлестіру. Мекемелерден түскен, жинақталған ақпараттарды уақытында екі тілде жариялау;

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңның орындалуы жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктер бойынша әкімшілік процессуалдық істерді жүргізу, істі сотқа жолдау, сот процесінде қорғау;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру: іс-шаралар жоспарын жасақтап, жоспарға сәйкес, жоспарланған шаралардың техникалық ерекшеліктерін жасақтау, порталға орналастыру,

      жеңімпаздармен жұмыс жүргізу. Шаралардың заңдылықтарға сәйкес орындалуын қадағалау. Жоғарғы органдарға айлық, тоқсандық, жылдық есептерін, ақпараттарын уақытында ұсынып отыру;

      бос уақыт өткізу бірлестігі, жастар ұйымдарының жұмысын үйлестіру және өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру;

      ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуына бақылауды іске асыру;

      саяси партиялар, ұлттық мәдени бірлестіктермен, діни және басқа да, қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;

      жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтайды;

      азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша діни салада конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлардың өткізілуін ұйымдастырады;

      мемлекеттiк органдардың, дiни бiрлестiктердiң, өзге де заңды және жеке тұлғалардың дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғандығы бойынша заңды және жеке тұлғалардан түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы өтініштер мен құжаттарды қарап, қажетті шараларды алу;

      бөлімнің дін бағытындағы, жастар саясатына, қоғамдық саяси ахуалға қатысты ағымдағы және болашақтағы жұмыс жоспарларының жасайды, орындалуын қамтамасыз етеді;

      шетелде діни білім алып жатырған студенттер жөнінде дерекқорды жасақтайды;

      аудандық діни ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын ұйымдастырады. Азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша білім беру ұйымдарында, елді мекендерде, ұжымдарда діни ақпараттық-насихаттық топтарымен ағарту, түсiндiру жұмыстарын жүргiзеді;

      аудан аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң қызметтерін зерделейді және талдайды;

      аудан көлеміндегі мешіттердің, ғибадатханалардың жұмысына рейдтік шара ұйымдастырады, мониторинг жүргізеді;

      ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни жораларды өткiзуге арналған үй-жайлар қызметін жүргізеді, жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметті үйлестіреді;

      жастар ісі жөніндегі қоғамдық бірлестіктер, ұйымдармен жұмыс, аудандағы жастар саясатын жүргізу, жастар ресурстық орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасау, жастармен жұмысты үйлестіру. Жастар саясатына қатысты басшылық тапсырмаларын, бағдарламаларын орындау;

      аудандағы діни қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу. Аудандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау, басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс жасау. Діни қоғамдық наразылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен, намазхандармен, оның ішінде деструктивтік бағытындағылармен алдын алу жұмыстарын жүргізу;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізу;

      әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмысын үйлестіру, тоқсан сайын комиссия отырыстарын өткізу;

      баспасөзге жазылуды ұйымдастыру, үйлестіру баспасөзге қатысты құжаттармен жұмыс жүргізу, округтер бойынша талдау жасау, қорытындылау, ақпарат жолдау;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізу, аудан бойынша атқарылған жұмыстарды жариялау, мәдени-көпшілік, спорттық шаралар туралы сайтқа, газетке, облысқа ақпарат беру;

      аудан әкімі жанындағы Аналар кеңесі, аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын үйлестіру;

      аудан көлеміндегі этносаралық саладағы ахуал бойынша апта сайын облысқа есеп беру;

      ардагерлер және мүгедектер қоғамымен, саяси партиялармен жұмыс жасау;

      жыл сайынғы Президент Жолдауының халыққа насихатталуын қамтамасыз ету, атқарылатын жұмыстарды, құжаттарын жүргізу, ай сайын облыстық ішкі саясат басқармасына ақпарат беріп отыру;

      аудандық әскери комиссариат, мұражай, мұрағатпен байланысты жұмыстарды үйлестіру;

      аудандағы мәдениет үйлерінің, клубтардың, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмысын басқарады;

      театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер, және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша ұсыныс береді;

      мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;

      облыстық, аудандық атқарушы органына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

      ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдени мекемелерінің, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің (ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтары) және жастар ресурстық орталығының әр жыл сайын бюджеттік жобаға енгізілген қаржыны нормативтік талаптарының сай болуына бақылау жасайды;

      аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;

      спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

      аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      аудан аумағында аудандық дене шынықтыру – спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

      спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай аудан аумағындағы күнтiзбесін iске асырады;

      аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

      ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді-Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттік органның, басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

      бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      бөлімнің атынан шарттар жасасады және қол қояды, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;

      аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;

      қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Бөлімнің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бөлімінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения государственного учреждения "Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Курмангазинского района Атырауской области"

Постановление акимата Курмангазинского района Атырауской области от 27 июня 2023 года № 173

      В соответствии со статьей 42 Гражданского Кодекса Республики Казахстан, со статьей 31, пункта 8 статьи 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", Типовым положением о государственном органе утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590, постановлением акимата Курмангазинского района Атырауской области от 31 мая 2023 года № 139 "О реорганизации некоторых местных исполнительных органов Курмангазинского района", акимат Курмангазинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить положение государственного учреждения "Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Курмангазинского района Атырауской области" согласно приложению.

      2. Отменить постановление акимата Курмангазинского района от 31 мая 2022 года № 218 "Об утверждении положения государственного учреждения "Отдел внутренней политики, культуры и развития языков Курмангазинского района Атырауской области" и постановление акимата Курмангазинского района от 30 мая 2022 года № 214 "Об утверждении положения государственного учреждения "Курмангазинский районный отдел физической культуры и спорта Атырауской области".

      3. Руководителю государственного учреждения "Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Курмангазинского района Атырауской области" принять меры по формированию трудовых отношений и имущества, возникшие из настоящего постановления, а также провести государственную регистрацию государственного учреждения.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Курмангазинского района Атырауской области".

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня его подписания, вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 июля 2023 года.

      Исполняющий обязанности
акима района
Н. Калиев

  Приложение утверждено
постановлением акимата
Курмангазинского района от
"27" июня 2023 года № 173

Положение Государственного учреждения "Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Курмангазинского района Атырауской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Курмангазинского района Атырауской области" (далее отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим государственную политику и пропаганду в сфере внутренней политики, развития языков, культуры, физической культуры и спортивной деятельности, пропагандирует здоровый образ жизни среди населения и отвечает за развития массового спорта по Курмангазинскому району.

      2. Отдел не имеет ведомства.

      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности отдела утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 060400, Атырауская область, район Курмангазинский, сельский округ Құрманғазы, село Құрманғазы, улица Смағұл Көшекбаев 2.

      10. Настоящее положение является учредительным документом отдела.

      11. Финансирование деятельности осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями отдела.

      Если отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      Осуществляет ведение единой государственной политики, осуществляет руководство в сфере внутренней политики, развития языков, культуры и развития физической культуры и спорта по Курмангазинскому району.

      14. Полномочия:

      1) права:

      взаимодействовать в установленном законом порядке с областными управлениями, местными исполнительными органами, организациями, учреждениями всех форм собственности по вопросам, относящимся к компетенции отдела;

      запрашивать информацию от соответствующих предприятий и аппарата акима сельских округов и исполнительных органов финансируемых из местного бюджета;

      вправе вносить предложения в соответствующие органы в целях недопущения нарушения законности при реализации своих задач и возложенных функции в порядке установленном законодательством Республики Казахстан;

      для осуществления возложенных задач вправе запрашивать необходимую информацию у государственных органов, иных организаций и граждан;

      в установленном порядке уплачивать налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      отдел в пределах своей компетенций в праве рассматривать административные дела, оформлять протоколы и принимать постановления;

      рассматривать обращения физическими и юридических лиц, контролировать их в соответствии законодательством Республики Казахстан;

      организовывать прием физических лиц и представителей юридических лиц;

      принимать законные и обоснованные решения;

      обеспечивать контроль за исполнением принятых решений;

      реализовывать иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

      2) обязанности:

      реализация государственной политики по обеспечению общественно – политической стабильности, укрепление государственного суверенитета, демократизация общественных процессов и консолидация общества;

      обеспечение реализации исполнения в регионе местными органами государственного управления внутренней поитики государства в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан , относящимся к компетенции отдела;

      реализация государственной политики в сфере культуры;

      реализация языковой политики государства в районе;

      обеспечение безопасности жизни и здоровья лиц, занимающихся физической культурой и спортом, а также участников и зрителей физкультурно-оздоровительных и спортивных мероприятий и соблюдение общественного порядка в местах проведения спортивно-массовых мероприятий;

      развитие национальных видов спорта;

      поддержка и стимулирование физической культуры и спорта;

      содействие развитию всех видов спорта с учетом социальной и образовательной функций, а также специфики их структуры, основанной на принципе добровольной деятельности;

      руководство и контроль за работой по выполнению спортивных тестов Республики Казахстан.

      15. функции:

      участие в укреплении демократических институтов общества, разъяснение и пропаганда основных приоритетов Стратегии развития Казахстана, ежегодных Посланий Президента народу Казахстана;

      координация работы по разработке и реализации программ по пропаганде и разъяснению государственной внутренней политики, законодательства Республики Казахстан по вопросам внутренней политики, общественно-политической сферы;

      выработка концептуальных основ и практических рекомендаций в области внутренней политики, а также предложений по консолидации общества на основе формирования гражданской идентичности, долгосрочных приоритетов развития Казахстана;

      всестороннее и объективное изучение, обобщение и анализ происходящих в регионе общественно – политических процессов и тенденций их развития;

      реализация государственной информационной политики на региональном уровне, координация деятельности местных средств массовой информации по выполнению государственного заказа, по ее проведению, осуществление мониторинга печатных и электронных средств массовой информации;

      проведение социологических и политологических исследований, направленных на прогноз общественно - политической ситуации в регионе;

      координация работы в области организации и проведении мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстрации;

      мониторинг общественно-политической ситуации в районе, работа в тесном контакте с правоохранительными и другими органами, проведение профилактической работы с населением, в том числе оппозиционной направленности, в целях обеспечения политической стабильности, предупреждения общественных протестов. Своевременное представление в вышестоящие органы сведений, ежемесячных, квартальных, годовых отчетов, информации;

      осуществление мониторинга средств массовой информации;

      в целях обеспечения прозрачности деятельности государственных органов и информационной пропаганды общественно-политических мероприятий в районе проделанной работы обеспечить подготовку и публикацию статей, публикуемых в средства массовой информации. Проведение мониторинга публикуемых статей, работа в тесном контакте со средствами районных и областных средствами массовой информации, направление ежемесячной информации в вышестоящие органы;

      систематизация, координация, организация работы благотворительных фондов в учреждениях, предприятиях, школах. Сбор информации о благотворительных акциях района;

      ведение делопроизводства, работы специальной комиссии по анализу документов кандидатов на звание "Почетный гражданин Курмангазинского района";

      проведение работы комиссии по награждению сотрудников "лучший" и "отличник" по итогам года района;

      ведение делопроизводства, представленного на "Почетную грамоту Курмангазинского района", представление материалов на сессию маслихата.

      подготовка работы по предложениям, поступившим на "благодарственное письмо" от акима района;

      Координация работы интернет ресурса акимата Курмангазинского района (Atyrau.gov.kz). Своевременное опубликование собранной информации, поступающей из учреждений на двух языках;

      организация работы по исполнению Конституционного Закона Республики Казахстан "О государственных символах Республики Казахстан";

      рассмотрение дел об административных правонарушениях, связанных с нарушением национальных стандартов, предъявляемых к Государственному флагу и государственному гербу Республики Казахстан, ведение

      административных процессуальных дел по недостаткам, выявленным по итогам проверки, направление дела в суд, защита в судебном процессе;

      осуществление работ в рамках государственного социального заказа: разработка плана мероприятий, разработка технических спецификаций запланированных мероприятий в соответствии с планом, размещение на портале, Работа с победителями. Контроль за выполнением мероприятий в соответствии с законодательством. Своевременное предоставление ежемесячных, квартальных, годовых отчетов, информации в вышестоящие органы;

      осуществляет взаимодействие и координацию работы молодежных организаций, досуговых объединений;

      осуществление контроля за реализацией молодежной политики в районе;

      осуществление связей с политическими партиями, национально – культурными объединениями, религиозными и иными общественными организациями;

      в случае непредоставления местными неправительственными организациями ежегодно до 31 марта сведений о своей деятельности, в том числе о своих учредителях (участниках), составе имущества, источниках формирования и направлениях расходования денег составялется протокол об административном правонарушении;

      организует проведение конференций, круглых столов, семинаров в религиозной сфере по вопросам государственной политики в области обеспечения прав граждан на свободу вероисповедания;

      осуществляет контроль за соблюдением государственными органами, религиозными объединениями, иными юридическими и физическими лицами законодательства о свободе вероисповедания и религиозных объединениях;

      рассмотрение заявлении и документов об административных правонарушениях, поступивших от юридических и физических лиц по нарушениям законодательства Республики Казахстан "О религиозной деятельности и религиозных объединениях", принятие необходимых мер;

      обеспечивает выполнение текущих и перспективных планов работы отдела по вопросам религиозной, молодежной политики, общественно-политической ситуации;

      формирует базу данных о студентах, получающих религиозное образование за рубежом;

      организует работу районных религиозных информационно-разъяснительных групп. Проводит просветительскую, разъяснительную работу с религиозными информационно-пропагандистскими группами в организациях образования, населенных пунктах, коллективах по вопросам государственной политики в сфере обеспечения прав граждан на свободу вероисповедания;

      изучает и анализирует деятельность религиозных объединений, созданных на территории района;

      организует рейдовые мероприятия, проводит мониторинг работы мечетей, и других религиозно-культовых зданий (сооружений) района;

      ведет деятельность помещений для проведения религиозных обрядов за пределами культовых зданий (сооружений), координирует государственные услуги, оказываемые физическим и юридическим лицам;

      работа с общественными объединениями, организациями по делам молодежи, проведение молодежной политики в районе, работа в тесном контакте с молодежным ресурсным центром, координация работы с молодежью. Выполнение руководящих поручений, программ, касающихся молодежной политики;

      мониторинг религиозной общественно-политической ситуации в районе. Работа в тесном контакте с правоохранительными и другими органами в целях обеспечения религиозной стабильности в районе. Проведение профилактической работы с населением, молитвенниками, в том числе деструктивной направленности, с целью предупреждения религиозных общественных протестов;

      проведение на соответствующем уровне работы по формированию антикоррупционной культуры;

      координация работы комиссии по делам женщин и семейно- демографической политике, проведение ежеквартальных заседаний комиссии;

      организация подписки на газеты, координация работы с документами, относящимися к прессе, анализ по округам, обобщение, направление информаций;

      проведение работы в тесном контакте со средствами массовой информации, освещение проделанной работы по району, предоставление информации о культурно-массовых, спортивных мероприятиях на сайте, в газете, в области;

      координация работы Совета матерей, Совета общественного согласия при акиме района;

      еженедельно отчитываться в область по ситуации в межэтнической сфере в районном масштабе;

      работа с обществом ветеранов и инвалидов, политическими партиями;

      обеспечение пропаганды ежегодных Посланий Главы государства народу Казахстана, ведение документации, ежемесячно информировать областное управление внутренней политики;

      координация работы, связанной с районным военным комиссариатом, музеем, архивом;

      управляет работой домов культур, клубов, районной централизованной библиотечной системой района;

      создает государственные организации культуры района в сфере театрального, музыкального и киноискусства, библиотечного и музейного дела, культурно-досуговой работы, а также осуществляет поддержку и координацию их деятельности;

      организует работу по учету, охране и использованию памятников истории, материальной и духовной культуры местного значения;

      осуществляет проведение зрелищных культурно-массовых мероприятий района, а так же смотров, фестивалей и конкурсов среди любительских творческих объединений;

      проводит аттестацию государственных организаций культуры района;

      представляет предложение по строительству, реконструкции и ремонту объектов культурного назначения района;

      поддерживает и оказывает содействие в материально техническом обеспечении государственных организаций культуры;

      проводит мероприятия районного уровня, направленные на развитие государственного и других языков;

      вносит предложения в исполнительный орган области и района о наименовании и переименовании сел, поселков, сельских округов, а так же изменении их транскрипции;

      районный отдел культуры и развития языков, Централизованная библиотечная система (сельские Дома культуры и сельские клубы) и молодежный ресурсный центр ежегодно осуществляют контроль за соответствием нормативным требованиям средств, внесенных в бюджетный проект;

      проводит районные спортивные соревнования по видам спорта совместно с местными аккредитованными спортивными федерациями;

      обеспечивает подготовку районных сборных команд по видам спорта и их выступления на областных спортивных соревнованиях;

      обеспечивает развитие массового спорта и национальных видов спорта на территории района;

      координирует деятельность районных физкультурно-спортивных организаций на территории района;

      присваивает спортсменам спортивные разряды: спортсмен 2 разряда, спортсмен 3 разряда, спортсмен 1 юношеского разряда, спортсмен 2 юношеского разряда, спортсмен 3 юношеского разряда, присваивает квалификационные категории: тренер высшего уровня квалификации второй категории, тренер среднего уровня квалификации второй категории, методист высшего уровня квалификации второй категории, методист среднего уровня квалификации второй категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации второй категории, спортивный судья;

      реализует единый календарь спортивно-массовых мероприятий на территорий района;

      координирует организацию и проведение спортивных мероприятий на территорий района;

      осуществляет сбор, анализ и предоставляет местному исполнительному органу области информацию по развитию физической культуры и спорта на территории района по форме и в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;

      организует медицинское обеспечение официальных физкультурных и спортивных мероприятий;

      обеспечивает общественный порядок и общественную безопасность при проведении физкультурных и спортивных мероприятий;

      осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 15 с изменением, внесенным постановлением акимата Курмангазинского района Атырауской области от 20.03.2024 № 57 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

3. Статус, полномочия руководителя государственного органа

      16. Руководство отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на отдел задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель отдела назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с решением Правительства Республики Казахстан.

      18. Руководитель отдела имеет заместителей, которые назначаются на должность и освобождаютсяот должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия руководителя отдела:

      организует, руководит работой отдела;

      в соответствии с законодательством Республикик Казахстан назначает на должность и освобождает от должности работников отдела;

      в установленном законодательством порядке Республикик Казахстан решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложение дисциплинарных взысканий;

      в пределах своей компетенции издает приказы, заключает и подписывает договора от имени отдела;

      разрабатывает и готовит к утверждению положение об отделе;

      утверждает штатное расписание отдела, в пределах лимита штатной численности, утвержденного постановлением акимата района и план финансирования на соответствующий год;

      отчитывается о работе отдела перед аппаратом акима района и областным управлением;

      представляет интересы отдела в государственных органах и организациях;

      по каждому факту совершения коррупционного правонарушения работниками, рассматривается вопрос об ответственности работников и непосредственного их руководителей.

      Исполнение полномочий руководителя отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответсвии с с действующим законодательством.

      21. Отдел возглавляется руководителем отдела, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      22. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за отделом относится к коммунальной собственности.

      24. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение отдела осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.