"Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 218 қаулысы. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 27.06.2023 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, 124 бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Г. Хасанова

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "31" мамырдағы
№ 218 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлімі) – Құрманғазы ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік ішкі саясатты, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатын насихаттаудағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, үй 2.

      10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізіп, Құрманғазы ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік ішкі саясатты, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асырады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңда белгіленген тәртіпке сай облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен, меншік түріне қарамастан ұйымдармен, мекемелермен өз құзыреті шегінде өзара байланыс жасау;

      тиісті кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімі аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат сұрату;

      міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті органдарға ұсыныс жасауға;

      мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан құзыретіне жатқызылған мәселелері жөніндегі қажетті ақпаратты сұратуға;

      белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      бөлім өз құзыреті шегінде әкімшілік істерді қарауға және хаттамалар мен қаулылар қабылдауға құқылы.

      2) міндеттері:

      аудан аумағында қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру;

      өңірде мемлекеттік басқару жергілікті органдармен мемлекеттік ішкі саясаттың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлімнің құзырына жататын мәселелері бойынша орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      ауданда мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыру.

      15. функциялары:

      қоғамдағы демократиялық институттарды нығайтуға қатысу,

      Қазақстанның даму Стратегиясының, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау;

      ішкі саясат, қоғамдық – саяси саласының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;

      ішкі саясат саласындағы концептуалды негіздер мен тәжірбиелі ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық ұқсастықты қалыптастыру, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары негізінде ұсыныстарды өндіру;

      өңірде болып жатқан қоғамдық – саяси процестер мен олардың даму барысын жан-жақты және обьективті зерделеу, қорытындылау және талдау;

      мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде жүзеге асыру, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мемлекеттік тапсырысты орындау, оны өткізу бойынша үйлестіру, бұқаралық ақпарат баспа және электронды құралдардың мониторингін жүзеге асыру;

      өңірде қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтану және саясаттану зерттеулерін жүргізу;

      бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу саласының жұмыстарын үйлестіру;

      аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу, құқық қорғау, басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс жасап, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық наразылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен, оның ішінде, оппозициялық бағыттағылармен алдын алу жұмыстарын жүргізу. Жоғарғы органдарға күнбе-күнгі мәліметін, айлық, тоқсандық, жылдық есептерін, ақпараттарын уақытында ұсынып отыру;

      ақпарат құралдарына мониторингін жүргізу;

      мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және аудандағы қоғамдық-саяси шаралардың, атқарылған жұмыстардың ақпараттық насихатталуын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын мақалаларды дайындау және жариялануын қамтамасыз ету. Жарияланатын мақалаларға мониторинг жүргізу, аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жасау, жоғарғы органдарға ай сайынғы ақпаратын жолдап отыру;

      мекеме, кәсіпорындардағы, мектептердегі қайырымдылық қорларының жұмыстарын жүйелеу, үйлестіру, ұйымдастыру. Аудандағы қайырымдылық акциялары туралы ақпараттарды жинақтау;

      "Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы" атағына ұсынылатын кандидаттардың құжаттарын саралайтын арнайы комиссия жұмыстарын, іс-қағаздарын жүргізу;

      аудан бойынша жыл қортындысымен "озат" және "үздік" қызметкерлерді марапаттау жөніндегі комиссия жұмыстарын жүргізу;

      "Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасына" ұсынылған іс-қағаздарын жүргізу, маслихаттың сессиясына ұсыну, сессияға хабарлама дайындау;

      аудан әкімінің "алғыс хатына" түскен ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізу;

      Құрманғазы ауданы әкімдігінің интернет ресурсының (Atyrau.gov.kz) аудан бойынша жұмысын үйлестіру. Мекемелерден түскен, жинақталған ақпараттарды уақытында екі тілде жариялау;

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңның орындалуы жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктер бойынша әкімшілік процессуалдық істерді жүргізу, істі сотқа жолдау, сот процесінде қорғау;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру: іс-шаралар жоспарын жасақтап, жоспарға сәйкес, жоспарланған шаралардың техникалық ерекшеліктерін жасақтау, порталға орналастыру, жеңімпаздармен жұмыс жүргізу. Шаралардың заңдылықтарға сәйкес орындалуын қадағалау. Жоғарғы органдарға айлық, тоқсандық, жылдық есептерін, ақпараттарын уақытында ұсынып отыру;

      бос уақыт өткізу бірлестігі, жастар ұйымдарының жұмысын үйлестіру және өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру;

      ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуына бақылауды іске асыру;

      саяси партиялар, ұлттық мәдени бірлестіктермен, діни және басқа да, қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;

      жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтайды;

      әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырыстарының жұмыстарын ұйымдастырады;

      азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша діни салада конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлардың өткізілуін ұйымдастырады;

      мемлекеттiк органдардың, дiни бiрлестiктердiң, өзге де заңды және жеке тұлғалардың дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғандығы бойынша заңды және жеке тұлғалардан түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы өтініштер мен құжаттарды қарап, қажетті шараларды алу;

      бөлімнің дін бағытындағы, жастар саясатына, қоғамдық саяси ахуалға қатысты ағымдағы және болашақтағы жұмыс жоспарларының жасайды, орындалуын қамтамасыз етеді;

      шетелде діни білім алып жатырған студенттер жөнінде дерекқорды жасақтайды;

      аудандық діни ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын ұйымдастырады. Азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша білім беру ұйымдарында, елді мекендерде, ұжымдарда діни ақпараттық-насихаттық топтарымен ағарту, түсiндiру жұмыстарын жүргiзеді;

      аудан аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң қызметтерін зерделейді және талдайды;

      аудан көлеміндегі мешіттердің, ғибадатханалардың жұмысына рейдтік шара ұйымдастырады, мониторинг жүргізеді;

      ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни жораларды өткiзуге арналған үй-жайлар қызметін жүргізеді, жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметті үйлестіреді;

      жастар ісі жөніндегі қоғамдық бірлестіктер, ұйымдармен жұмыс, аудандағы жастар саясатын жүргізу, жастар ресурстық орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасау, жастармен жұмысты үйлестіру. Жастар саясатына қатысты басшылық тапсырмаларын, бағдарламаларын орындау;

      аудандағы діни қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу. Аудандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау, басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс жасау. Діни қоғамдық наразылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен, намазхандармен, оның ішінде деструктивтік бағытындағылармен алдын алу жұмыстарын жүргізу;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізу;

      әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмысын үйлестіру, тоқсан сайын комиссия отырыстарын өткізу;

      баспасөзге жазылуды ұйымдастыру, үйлестіру баспасөзге қатысты құжаттармен жұмыс жүргізу, округтер бойынша талдау жасау, қорытындылау, ақпарат жолдау;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізу, аудан бойынша атқарылған жұмыстарды жариялау, мәдени-көпшілік, спорттық шаралар туралы сайтқа, газетке, облысқа ақпарат беру;

      аудан әкімі жанындағы Аналар кеңесі, аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын үйлестіру;

      аудан көлеміндегі этносаралық саладағы ахуал бойынша апта сайын облысқа есеп беру;

      ардагерлер және мүгедектер қоғамымен, саяси партиялармен жұмыс жасау;

      жыл сайынғы Президент Жолдауының халыққа насихатталуын қамтамасыз ету, атқарылатын жұмыстарды, құжаттарын жүргізу, ай сайын облыстық ішкі саясат басқармасына ақпарат беріп отыру;

      аудандық әскери комиссариат, мұражай, мұрағатпен байланысты жұмыстарды үйлестіру;

      аудандағы мәдениет үйлерінің, клубтардың, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмысын басқарады;

      театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер, және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша ұсыныс береді;

      мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;

      облыстық, аудандық атқарушы органына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

      ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдени мекемелерінің, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің (ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтары) және жастар ресурстық орталығының әр жыл сайын бюджеттік жобаға енгізілген қаржыны нормативтік талаптарының сай болуына бақылау жасайды.

3. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орынбасары болмайды.

      19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

      бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      бөлімнің атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;

      аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;

      қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бөлімнің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады