"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 173 қаулысымен бекітілген "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келесі өзгеріс енгізілсін:
Ереженің 15 тармағы 33 абзацындағы "ауданның терроризмге қарсы комиссия қызметінің жұмысын үйлестіреді;" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындаған еңбек қатынастарын және мүліктерді қалыптастыратын шараларды қабылдасын, сондай-ақ мемлекеттік мекемені мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Жангалиев |