Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
1 бөлімдегі:
Бірінші жол келесідей редакцияда жазылсын:
"
1 | Созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Сакубитрил+ Валсартан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар; |
";
Он бесінші жол келесідей редакцияда жазылсын:
"
15 | Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді. Микофенолата мофетил үлбірлі қабықпен қапталған капсула. |
";
Он сегізінші жол келесідей редакцияда жазылсын:
"
18 | Шегрен ауруы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Гидроксихлорохин, үбірлі қабықпен қапталған таблеткасы. |
";
Жиырма үшінші жол келесідей редакцияда жазылсын:
"
23 | Аналық бездің қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Олапариб үбірлі қабықпен қапталған таблетка. |
";
Жиырма бесінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:
"
25 | Жылжымалы беріш | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Кладрибин, үбірлі қабықпен қапталған таблеткасы |
";
Жиырма алтыншы жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:
"
26 | Бронхиалды астма | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Омализумаб венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат. |
";
Жиырма жетінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:
"
27 | Псориаз | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Секукинумаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат. |
".
Жиырма сегізінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:
"
28 | Бастапқы иммунитет тапшылығы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік – консультативтік комиссиясының шешімі бойынша |
Ланаделумаб |
".
Жиырма тоғызыншы жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:
"
29 | Екі аяқтың, шап аралық, жыныс мүшесінің басы мен денесінің венозды мальформациясы | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік – консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Сиролимус Ішке қабылдауға арналған ерітінді |
".
Отызыншы жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:
"
30 | Мантия жасушаларының лимфомасы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Акалабрутиниб Контурлы ұяшық қаптамасындағы капсула. |
".
Отыз бірінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:
"
31 | Жайылмалы қарапайым псориаз ауруы. Жиі қайталамалы ағымды. Псориатикалық артропатия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Гуселькумаб |
".
Отыз екінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:
"
32 | Пароксизмалды түнгі гемоглобинурия (Маркиафав-Микел) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Экулизумаб |
".
Отыз үшінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:
"
33 | Перинаталдық кезеңде орын алған бронхөкпелік дисплазия | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Паливизумаб Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді. |
".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | М. Мұқаев |