Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 7-6 шешімі

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      1 бөлімдегі:

      Бірінші жол келесідей редакцияда жазылсын:

      "

1

Созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Сакубитрил+ Валсартан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар;
Эплеренон үлбірлі қабықпен қапталған таблетка. Дапаглифлозин, үбірлі қабықпен қапталған таблеткасы

      ";

      Он бесінші жол келесідей редакцияда жазылсын:

      "

15

Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді. Микофенолата мофетил үлбірлі қабықпен қапталған капсула.

      ";

      Он сегізінші жол келесідей редакцияда жазылсын:

      "

18

Шегрен ауруы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Гидроксихлорохин, үбірлі қабықпен қапталған таблеткасы.
Ритуксимаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді.

      ";

      Жиырма үшінші жол келесідей редакцияда жазылсын:

      "

23

Аналық бездің қатерлі ісігі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Олапариб үбірлі қабықпен қапталған таблетка.

      ";

      Жиырма бесінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:

      "

25

Жылжымалы беріш

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Кладрибин, үбірлі қабықпен қапталған таблеткасы

      ";

      Жиырма алтыншы жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:

      "

26

Бронхиалды астма

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Омализумаб венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат.

      ";

      Жиырма жетінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:

      "

27

Псориаз

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Секукинумаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат.

      ".

      Жиырма сегізінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:

      "

28

Бастапқы иммунитет тапшылығы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік – консультативтік комиссиясының шешімі бойынша

Ланаделумаб
Тері астына енгізуге арналған ерітінді.

      ".

      Жиырма тоғызыншы жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:

      "

29

Екі аяқтың, шап аралық, жыныс мүшесінің басы мен денесінің венозды мальформациясы

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік – консультативтік комиссиясының шешімі бойынша

Сиролимус Ішке қабылдауға арналған ерітінді

      ".

      Отызыншы жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:

      "

30

Мантия жасушаларының лимфомасы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша

Акалабрутиниб Контурлы ұяшық қаптамасындағы капсула.

      ".

      Отыз бірінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:

      "

31

Жайылмалы қарапайым псориаз ауруы. Жиі қайталамалы ағымды. Псориатикалық артропатия

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Гуселькумаб
Тері астына енгізуге арналған ерітінді шприц-ручка.

      ".

      Отыз екінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:

      "

32

Пароксизмалды түнгі гемоглобинурия (Маркиафав-Микел)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Экулизумаб
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат.

      ".

      Отыз үшінші жолды келесі мазмұнымен толықтырылсын:

      "

33

Перинаталдық кезеңде орын алған бронхөкпелік дисплазия

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Паливизумаб Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді.

      ".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы М. Мұқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады