Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар қосымша берілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Н.Ахильбеков

      2024 жылғы "27" маусым


      "Ақмола облысының

      экономика және бюджеттік

      жоспарлау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      А.Шүгірмақова

      2024 жылғы "27" маусым

 
  Ақмола облыстық мәслихатының
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 8С-11-10 шешіміне
қосымша

Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар

Сырқаттың атауы

Халықтың санаты

Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ағын ауыртпалығы)

Дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың атауы (шығарылу нысаны)

1

2

3

4

5

1.

Ювенильдік идиопатиялық артрит

Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар

Белсенді фазада дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

Тоцилизумаб, инфузиялық ерітіндіні жасауға арналған қоспа

2.

Ойық жаралы колит

Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімі бойынша

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

 
3.

Көпіршікті эпидермолиз

Динамикалық бақылаудағы азаматтардың барлық санаттары

Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Таңу материалдары, медициналық бұйымдар

Антисептиктер

Бактерияға қарсы препараттар

Теріге арналған дерматологиялық емдеу құралдары

Арнайы емдік өнімдер

4.

Өкпелік гипертензия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Риоцигуат, таблетка
Селексипаг, таблетка

Мацитентан, пленкамен қапталған таблеткалар

 
5

Цитомегаловирусты инфекция

Динамикалық бақылаудағы азаматтардың барлық санаттары

Алдын алу және емдеу, оның ішінде ағзалар мен тіндерді ауыстырып салғаннан кейін

Ганцикловир, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді

Валганцикловир, таблетка

Цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулин, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді

6.

Целиакия

Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар

Белсенді фазада гистологиялық немесе генетикалық расталған тіндік трансглютаминазаға антиденелер бар

Арнайы емдік өнімдер (глютенсіз өнімдер)

7.

Орфандық (сирек кездесетін) сырқаттар

Динамикалық бақылаудағы азаматтардың барлық санаттары

Дәрігердің тағайындауы бойынша

G иммуноглобулині (адами қалыпты), инфузия үшін ерітінді

8.

Шашыранқы склероз

Динамикалық бақылаудағы ересек пациенттер

Жоғары белсенді шашыранқы склерозда

Кладрибин, таблетка

9.

Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну

Динамикалық бақылаудағы азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

С1 эстеразы ингибиторы, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

 
10.

Бүйрек үсті безінің қыртысының туа біткен дисфункциясы

Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар

Ашық өсу аймақтары бар балалар үшін дәрігердің нұсқауы бойынша

Гидрокортизон, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

Флудрокортизон, таблетка

11.

Шизофрения, шизотиптік және сандырақтық бұзылыстар (F20, F21, F22, F23, F25, F29 аурулардың халықаралық классификациясы -10 коды бойынша)

Динамикалық бақылаудағы ересек пациенттер

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Амисульприд, таблетка

12.

Муковисцидоз

Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар

Панкреатиттік жеткіліксіздігі болған кезде

Арнайы емдік өнімдер

Дәрігердің тағайындауы бойынша

Гиалурон қышқылы бар гипертониялық Натрий хлорид (NaCl) ерітіндісі

13.

Псориаз (L.40)

Динамикалық бақылаудан тұратын ересек пациенттер

Орташа және ауыр

Гуселькумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді

14.

Басқа рубрикаларда жіктелмеген бойлық (ергежейлілік) (E34.3)

Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрігердің тағайындауы бойынша

Соматропин, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған/лиофилизатталған ұнтақ, инъекцияға арналған ерітінді

15.

Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхопульмональды дисплазия

Жүктіліктің 35 аптасына дейін туылған 6 айға дейінгі балалар

РСВ инфекциясының алдын алу

Паливизумаб, ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

16.

Тыныс алу бұзылыстары синдромы бар шала туылған нәрестелер

Соңғы 6 айда ТБС емдеуді қажет ететін 2 жасқа дейін балалар

17.

Туа біткен ақаулар, туа біткен жүрек ақаулары

Гемодинамикалық маңызды ДПС бар 2 жасқа дейін балалар

18.

Жүйелік склеродерма

Динамикалық бақылаудағы азаматтардың барлық санаттары

Дәрігердің тағайындауы бойынша

Микофенол қышқылы, капсула

19.

Бұлшықет дистрофиясы

Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар

Консилиумның (дәрігерлер тобының) шешімі бойынша

Голодирсен, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді

20.

Балалардағы қысқа ішек синдромы

3 жасқа дейінгі балалар

Облыстық және одан жоғары деңгейдегі дәрігердің тағайындауы бойынша

Арнайы емдік өнімдер (энтеральді, парентеральді тамақтану)


О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Акмолинской области при амбулаторном лечении бесплатно

Решение Акмолинского областного маслихата от 27 июня 2024 года № 8С-11-10

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Акмолинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Дополнительно предоставить гарантированный объем бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Акмолинской области при амбулаторном лечении бесплатно, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Акмолинского областного маслихата Б.Жусупов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Управление здравоохранения

      Акмолинской области"

      Н.Ахильбеков

      "27" июня 2024 года


      Руководитель государственного

      учреждения "Управление экономики

      и бюджетного планирования

      Акмолинской области"

      А.Шугурмакова

      "27" июня 2024 года

 
  Приложение к решению
Акмолинского областного маслихата
от 27 июня 2024 года
№ 8С-11-10

Дополнительно предоставляемый гарантированный объем бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Акмолинской области при амбулаторном лечении бесплатно

Наименование заболевания

Категория населения

Показания (степень,
стадия, тяжесть течения) для назначения лекарственных средств

Наименование лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий (форма выпуска)

1

2

3

4

5

1.

Ювенильный идиопатический артрит

Дети до 18 лет, состоящие на динамическом наблюдении

В активной фазе с неполным ответом на традиционную терапию

Адалимумаб, раствор для инъекций

Тоцилизумаб, концентрат для приготовления инфузионного раствора

2.

Язвенный колит

Дети до 18 лет, состоящие на динамическом наблюдении

При неэффективности базисной иммуносупрессивной терапии по решению врачебно-консультативной комиссии медицинской организации

Адалимумаб, раствор для инъекций

 
3.

Буллезный эпидермолиз

Все категории граждан, состоящие на динамическом наблюдении

Все стадии и степени тяжести

Перевязочные материалы, медицинские изделия

Антисептические средства

Антибактериальные препараты

Дерматологические лечебные средства для кожи

Специализированные лечебные продукты

 
4.

Легочная гипертензия

Все категории граждан, состоящие на динамическом наблюдении

Все стадии и степени тяжести

Риоцигуат, таблетка

Селексипаг, таблетка

Мацитентан, таблетки, покрытые пленочной оболочкой

 
5.

Цитомегаловирус-
ная инфекция

Все категории граждан, состоящие на динамическом наблюдении

Профилактика и лечение, в том числе и после пересадки органов и тканей

Ганцикловир, таблетка, раствор для инъекций

Валганцикловир, таблетка

Иммуноглобулин против цитомегаловируса, раствор для внутривенного введения

6.

Целиакия

Дети до 18 лет, состоящие на динамическом наблюдении

В активной фазе с наличием антител к тканевой трансглютаминазе, подтвержденный гистологический или генетический

Специализированные лечебные продукты (безглютеновые продукты)

7.

Орфанные (редкие) заболевания

Все категории граждан, состоящие на динамическом наблюдении

По назначению врача

Иммуноглобулин G (человеческий нормальный), раствор для инфузий

8.

Рассеянный склероз

Взрослые пациенты, состоящие на динамическом наблюдении

При высокоактивном рассеянном склерозе

Кладрибин, таблетка

9.

Наследственный ангионевротический отек

Все категории граждан, состоящие на динамическом наблюдении

Все стадии и степени тяжести

Ингибитор С1 эстеразы, лиофилизат для приготовления раствора для инъекций

 
10.

Врожденная дисфункция коры надпочечников

Дети до 18 лет, состоящие на динамическом наблюдении

Для детей с открытыми зонами роста, по назначению врача

Гидрокортизон, таблетка, лиофилизат для приготовления раствора для инъекций

Флудрокортизон, таблетка

11

Шизофрения, шизотипические и бредовые расстройства (F20, F21, F22, F23, F25, F29 по коду международной классификации болезней -10)

Взрослые пациенты, состоящие на динамическом наблюдении

Все стадии и степени тяжести

Амисульприд, таблетка

12.

Муковисцидоз

Дети до 18 лет, состоящие на динамическом наблюдении

При наличии панкреатической недостаточности

Специализированные лечебные продукты

По назначению врача

Гипертонический раствор Натрий хлорид (NaCl) с гиалуроновой кислотой

13.

Псориаз (L.40)

Взрослые пациенты, состоящие на динамическом наблюдении

Средней и тяжелой степени тяжести

Гуселькумаб, раствор для подкожного введения

14.

Низкорослость (карликовость), не классифицированная в других рубриках, Е34.3

Дети до 18 лет состояние на динамическом наблюдении

По назначению врача

Соматропин, порошок лиофилизированный/лиофилизат для приготовления раствора для инъекций, раствор для инъекции

15.

Бронхолегочная дисплазия,
возникшая
в перинатальном периоде

Дети возрасте до 6 месяцев, рожденных до 35 недели гестации;

Профилактика РСВ-инфекции

Паливизумаб, по 50 или 100мг, лиофилизат для приготовления раствора 100мг/мл.

16.

Недоношенные новорожденные с синдромом дыхательных расстройств (СДР)

в возрасте до 2-х лет, нуждающихся в лечении БЛД в течение последних 6 месяцев;

17.

Врожденные
пороки развития врожденный порок сердца (ВПР ВПС)

в возрасте до 2-х лет с гемодинамическими значимыми ВПС

18.

Системная склеродермия

Все категории граждан, состоящие на динамическом наблюдении

По назначению врача

Микофеноловая кислота, капсула

19.

Мышечная дистрофия

Дети до 18 лет

По решению консилиума

Голодирсен, порошок для приготовления раствора для инфузий,
раствор для внутривенного введения

20.

Синдром короткой кишки у детей

Дети до 3 лет

По назначению врача областного уровня и выше

Специализированные лечебные продукты (энтеральное, парентеральное питание)