Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар қосымша берілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жүсіпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақмола облысының денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Н.Ахильбеков
2024 жылғы "27" маусым
"Ақмола облысының
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Шүгірмақова
2024 жылғы "27" маусым
Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне қосымша |
Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар
№ | Сырқаттың атауы | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ағын ауыртпалығы) | Дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың атауы (шығарылу нысаны) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Ювенильдік идиопатиялық артрит | Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар | Белсенді фазада дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін | Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді |
Тоцилизумаб, инфузиялық ерітіндіні жасауға арналған қоспа | ||||
2. | Ойық жаралы колит | Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар | Дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімі бойынша | Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді |
| Көпіршікті эпидермолиз | Динамикалық бақылаудағы азаматтардың барлық санаттары | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Таңу материалдары, медициналық бұйымдар |
Антисептиктер | ||||
Бактерияға қарсы препараттар | ||||
Теріге арналған дерматологиялық емдеу құралдары | ||||
Арнайы емдік өнімдер | ||||
4. | Өкпелік гипертензия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері |
Риоцигуат, таблетка |
Мацитентан, пленкамен қапталған таблеткалар | ||||
| Цитомегаловирусты инфекция | Динамикалық бақылаудағы азаматтардың барлық санаттары | Алдын алу және емдеу, оның ішінде ағзалар мен тіндерді ауыстырып салғаннан кейін | Ганцикловир, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді |
Валганцикловир, таблетка | ||||
Цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулин, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді | ||||
6. | Целиакия | Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар | Белсенді фазада гистологиялық немесе генетикалық расталған тіндік трансглютаминазаға антиденелер бар | Арнайы емдік өнімдер (глютенсіз өнімдер) |
7. | Орфандық (сирек кездесетін) сырқаттар | Динамикалық бақылаудағы азаматтардың барлық санаттары | Дәрігердің тағайындауы бойынша | G иммуноглобулині (адами қалыпты), инфузия үшін ерітінді |
8. | Шашыранқы склероз | Динамикалық бақылаудағы ересек пациенттер | Жоғары белсенді шашыранқы склерозда | Кладрибин, таблетка |
9. | Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну | Динамикалық бақылаудағы азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері | С1 эстеразы ингибиторы, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
| Бүйрек үсті безінің қыртысының туа біткен дисфункциясы | Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар | Ашық өсу аймақтары бар балалар үшін дәрігердің нұсқауы бойынша | Гидрокортизон, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
Флудрокортизон, таблетка | ||||
11. | Шизофрения, шизотиптік және сандырақтық бұзылыстар (F20, F21, F22, F23, F25, F29 аурулардың халықаралық классификациясы -10 коды бойынша) | Динамикалық бақылаудағы ересек пациенттер | Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Амисульприд, таблетка |
12. | Муковисцидоз | Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар | Панкреатиттік жеткіліксіздігі болған кезде | Арнайы емдік өнімдер |
Дәрігердің тағайындауы бойынша | Гиалурон қышқылы бар гипертониялық Натрий хлорид (NaCl) ерітіндісі | |||
13. | Псориаз (L.40) | Динамикалық бақылаудан тұратын ересек пациенттер | Орташа және ауыр | Гуселькумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді |
14. | Басқа рубрикаларда жіктелмеген бойлық (ергежейлілік) (E34.3) | Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар | Дәрігердің тағайындауы бойынша | Соматропин, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған/лиофилизатталған ұнтақ, инъекцияға арналған ерітінді |
15. | Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхопульмональды дисплазия | Жүктіліктің 35 аптасына дейін туылған 6 айға дейінгі балалар | РСВ инфекциясының алдын алу | Паливизумаб, ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
16. | Тыныс алу бұзылыстары синдромы бар шала туылған нәрестелер | Соңғы 6 айда ТБС емдеуді қажет ететін 2 жасқа дейін балалар | ||
17. | Туа біткен ақаулар, туа біткен жүрек ақаулары | Гемодинамикалық маңызды ДПС бар 2 жасқа дейін балалар | ||
18. | Жүйелік склеродерма | Динамикалық бақылаудағы азаматтардың барлық санаттары | Дәрігердің тағайындауы бойынша | Микофенол қышқылы, капсула |
19. | Бұлшықет дистрофиясы | Динамикалық бақылаудағы 18 жасқа дейінгі балалар | Консилиумның (дәрігерлер тобының) шешімі бойынша | Голодирсен, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді |
20. | Балалардағы қысқа ішек синдромы | 3 жасқа дейінгі балалар | Облыстық және одан жоғары деңгейдегі дәрігердің тағайындауы бойынша | Арнайы емдік өнімдер (энтеральді, парентеральді тамақтану) |