Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № шешіміне шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
реттік нөмірі 1-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"
1. | Ювенильдік идиопатиялық артрит |
Динамикалық бақылаудағы | Белсенді фазада дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін | Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді |
Тоцилизумаб, инфузиялық ерітіндіні дайындауға арналған концентрат | ||||
Секукинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді | ||||
Голимумаб, | ||||
Тофацитиниб, |
";
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 21-жолмен толықтырылсын:
"
21. | Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели) | Динамикалық бақылаудағы ересек пациенттер | Созылмалы гемолизге байланысты трансфузиялық тәуелділік | Экулизумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат |
".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы |
С.Сыздықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы |
С.Сахиев |
2025 жылғы " 19 " наурыз
"Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Шүгірмақова |
2025 жылғы " 19 " наурыз |