Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 13.03.2024 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2024 жылғы 25 қантар № 2-14-07/27 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Темір ауданы Ақсай ауылдық округі Шығырлы ауылында орналасқан "Бакос" шаруа қожалығы 1 бас ірі қара малдары арасынан пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты шекету іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақсай ауылдық округінің әкімі | Е. Бегимов |