Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 7 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 13.03.2024 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2024 жылғы 25 қантар № 2-14-07/27 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Темір ауданы Ақсай ауылдық округі Шығырлы ауылында орналасқан "Бакос" шаруа қожалығы 1 бас ірі қара малдары арасынан пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты шекету іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақсай ауылдық округінің әкімі Е. Бегимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады