Ақсай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 30 қантардағы "Темір ауданы, Ақсай ауылдық округі, Шығырлы ауылында орналасқан "Бакос" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын бекіту туралы" № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 12 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2024 жылғы 30 қантардағы № 2-14-07/67 ұсынысы негізінде Ақсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

      1. Темір ауданы, Ақсай ауылдық округі, Шыырлы ауылында орналасқан "Бакос" шаруа қожалығы 1 бас ірі қара малдары арасынан пастереллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин іс-шаралары алынсын.

      2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Ақсай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 30 қантарлағы "Темір ауданы, Ақсай ауылдық округі, Ақсай елді мекені аумағын карантин іс-шараларын белгілеу туралы" №7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      Ақсай ауылдық округінің әкімі Е. Бегимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады