Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 25.04.2024 № 19-77 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 - тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №347 бұйрығына сәйкес, Балқаш ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | К.Омаров |