Балқаш ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 наурыздағы № 17-62 шешімі. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 19-77 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 25.04.2024 № 19-77 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 - тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №347 бұйрығына сәйкес, Балқаш ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады