"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып,тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Абай облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;
2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 1-тармақта туындаған құқықтық қатынастар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Абай облысының әкімі | Н. Ұранхаев |
Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы "14" маусымдағы № 110 қаулысына 1-қосымша |
2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
| Аймақтың атауы | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері | ||||
Елді мекен | Тәрбиеле-нушілер саны | Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | ||||
Тәрбиеленушілер үшін топтардағы 10,5 сағаттық болу режимі | Тәрбиеленушілер үшін топтардағы 9 сағаттық болу режимі | Түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық топтардағы тәрбиеленуші-лер үшін | ||||
1. | Абай ауданы | ауыл | 674 | 62 928 | ||
2. | Аягөз ауданы | ауыл | 100 | 62 740 | ||
қала | 2 434 | 56 500 | ||||
3. | Бесқарағай ауданы | ауыл | 150 | 62 928 | ||
4. | Бородулиха ауданы | ауыл | 631 | 62 740 | ||
5. | Жарма ауданы | ауыл | 855 | 62 740 | ||
6. | Көкпекті ауданы | ауыл | 557 | 62 552 | ||
7. | Курчатов қаласы | қала | 485 | 56 500 | ||
8. | Семей қаласы | қала | 12 489 | 56 500 | ||
Семей қаласы түзету тобы | қала | 243 | 102 257 | |||
9. | Ақсуат ауданы | ауыл | 730 | 62 552 | ||
10. | Үржар ауданы | ауыл | 468 | 62 552 | ||
Барлығы | 19 816 |
Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы "14" маусымдағы № 110 қаулысына 2-қосымша |
2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
| Аймақтың атауы | Айына ата-ананың ақы төлек мөлшері (теңге) | ||
Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері | ||||
Тәрбиеленушілер саны | Балабақша / балабақша (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап) | Балалардың толық күн болатын шағын орталығы (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап) | ||
1. | Абай ауданы | 794 | 3 жасқа дейін-6000, 3 жастан бастап-10000 | 3 жасқа дейін-5000, 3 жастан бастап-6000 |
| Ақсуат ауданы | 748 | 3 жасқа дейін-17600, 3 жастан бастап-18700 | 3 жасқа дейін-13200, 3 жастан бастап-14300 |
| Аягөз ауданы | 2574 | 3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап-17000 | 3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап-17000 |
4. | Бесқарағай ауданы | 240 | 3 жасқа дейін-13000, 3 жастан бастап-13000 | 3 жасқа дейін-13000, 3 жастан бастап-13000 |
| Бородулиха ауданы | 974 | 3 жасқа дейін-11565, 3 жастан бастап-14650 | 3 жасқа дейін-11565, 3 жастан бастап-14650 |
| Жарма ауданы | 1 194 | 3 жасқа дейін-12000, 3 жастан бастап-14000 | 3 жасқа дейін-7000, 3 жастан бастап-8000 |
| Көкпекті ауданы | 245 | 3 жасқа дейін-14500, 3 жастан бастап-14500 | 3 жасқа дейін-14500, 3 жастан бастап-14500 |
| Курчатов қаласы | 425 | 3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-18000 | 3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-18000 |
| Семей қаласы | 10 829 | 3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-20000 | 3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-20000 |
| Үржар ауданы | 1 478 | 3 жасқа дейін-9000, 3 жастан бастап-16000 | 3 жасқа дейін-7000, 3 жастан бастап-14000 |
19 501 |