2024 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 110 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып,тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Абай облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;

      2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 1-тармақта туындаған құқықтық қатынастар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

      Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев

  Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы "14" маусымдағы
№ 110 қаулысына
1-қосымша

2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

 
 
 
 
 
 
 
 
Р/с №

Аймақтың атауы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері

Елді мекен

Тәрбиеле-нушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Тәрбиеленушілер үшін топтардағы 10,5 сағаттық болу режимі

Тәрбиеленушілер үшін топтардағы 9 сағаттық болу режимі

Түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық топтардағы тәрбиеленуші-лер үшін

1.

Абай ауданы

ауыл

674

62 928



2.

Аягөз ауданы

ауыл

100

62 740



қала

2 434

56 500



3.

Бесқарағай ауданы

ауыл

150

62 928



4.

Бородулиха ауданы

ауыл

631

62 740



5.

Жарма ауданы

ауыл

855

62 740



6.

Көкпекті ауданы

ауыл

557

62 552



7.

Курчатов қаласы

қала

485

56 500



8.

Семей қаласы

қала

12 489

56 500



Семей қаласы түзету тобы

қала

243



102 257

9.

Ақсуат ауданы

ауыл

730

62 552



10.

Үржар ауданы

ауыл

468

62 552




Барлығы

19 816




  Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы "14" маусымдағы
№ 110 қаулысына
2-қосымша

2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

 
 
 
 
 
Р/с №

Аймақтың атауы

Айына ата-ананың ақы төлек мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері

Тәрбиеленушілер саны

Балабақша / балабақша (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)

Балалардың толық күн болатын шағын орталығы (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)

1.

Абай ауданы

794

3 жасқа дейін-6000, 3 жастан бастап-10000

3 жасқа дейін-5000, 3 жастан бастап-6000

 
2.

Ақсуат ауданы

748

3 жасқа дейін-17600, 3 жастан бастап-18700

3 жасқа дейін-13200, 3 жастан бастап-14300

 
3.

Аягөз ауданы

2574

3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап-17000

3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап-17000

4.

Бесқарағай ауданы

240

3 жасқа дейін-13000, 3 жастан бастап-13000

3 жасқа дейін-13000, 3 жастан бастап-13000

 
5.
 

Бородулиха ауданы

974

3 жасқа дейін-11565, 3 жастан бастап-14650

3 жасқа дейін-11565, 3 жастан бастап-14650

 
6.

Жарма ауданы

1 194

3 жасқа дейін-12000, 3 жастан бастап-14000

3 жасқа дейін-7000, 3 жастан бастап-8000

 
7.

Көкпекті ауданы

245

3 жасқа дейін-14500, 3 жастан бастап-14500

3 жасқа дейін-14500, 3 жастан бастап-14500

 
8.

Курчатов қаласы

425

3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-18000

3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-18000

 
9.

Семей қаласы

10 829

3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-20000

3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-20000

 
10.

Үржар ауданы

1 478

3 жасқа дейін-9000, 3 жастан бастап-16000

3 жасқа дейін-7000, 3 жастан бастап-14000



19 501




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады