Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 01-12/353 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарынан инфекциялық ринотрахейт және вирустық диарея ауруын сауықтыру және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралары толығымен аяқталуына байланысты Абай облысы Аягөз ауданы Ақши ауылының барлық ішкі көшелері мен аулаларынан шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақши ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 09 шілдедегі №1"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ақши ауылдық округі әкімі | А. Қалиев |