Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақши ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 09 шілдедегі № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы Ақши ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 01-12/353 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарынан инфекциялық ринотрахейт және вирустық диарея ауруын сауықтыру және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралары толығымен аяқталуына байланысты Абай облысы Аягөз ауданы Ақши ауылының барлық ішкі көшелері мен аулаларынан шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақши ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 09 шілдедегі №1"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Ақши ауылдық округі әкімі А. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады