Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Абай облысы Аягөз ауданы Ақши ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 1 шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы Ақши ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 2 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы Ақши ауылдық округі әкімінің 12.09.2024 № 2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2024 жылғы 5 шілдедегі № 01-12/283 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Абай облысы Аягөз ауданы Ақши ауылдық округі Ақши ауылы ішінде мүйізді ірі қара малдарынан инфекциялық ринотрахейт және вирустық диарея індеті анықталуына байланысты Ақши ауылының барлық ішкі көшелері мен аулаларына шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Ақши ауылдық округінің әкімі А. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады