"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 42, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 75/НҚ және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 38 бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылсын.

      2. Қоса беріліп отырған "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.

      3. Пилоттық жобаға қатысушылар жобаның аяқталуына дейін "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда Smart Data Ukimet ақпараттық-талдау жүйесі арқылы іске асыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті осы бірлескен бұйрықты жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ведомстволық бағынысты ұйымдардың назарына жеткізсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
__________Г. Бейсембаев
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
_________Б. Мусин
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
_______С. Жакупова      


  Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 16 ақпандағы
№ 38 және
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2024 жылғы 16 ақпандағы
№ 75/НҚ және
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2024 жылғы 16 ақпандағы
№ 42 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Оқу-ағарту министрліктерінің өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – азаматтық жай-күйді сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;

      2) "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Е-Собес ААЖ) – материалдық және заттай көріністе әлеуметтік көмек көрсетудің, арнаулы әлеуметтік қызметтердің бизнес-процестерін автоматтандыруға, жергілікті атқарушы органдар жүргізетін іс-шаралардың дерекқорын қалыптастыруға, жүргізуге және пайдалануға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      3) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

      4) қысқа мәтіндік хабар (бұдан әрі – SMS-хабар) – ұялы байланыс операторы ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызмет;

      5) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – ұялы байланыс операторлары ұсынған, жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету және ақпараттық хабарларды жолдау, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын көрсетілетін қызметтерді алушылардың абоненттік нөмірлерінің порталдың есептік жазбасына қосылған база;

      6) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МОДБ ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      7) "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰБДҚ АЖ) – білім беру саласындағы әкімшілік және өзге де деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға, сондай-ақ басқа ақпараттандыру объектілерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге арналған, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын баланың заңды өкілдері туралы деректерді беру бойынша ақпараттық жүйе.

      Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.

      3. Пилоттық жобаға қатысушылар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтайды.

2-тарау. "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      4. ҰБДҚ АЖ өзектендіру сервисі арқылы күн сайын Е-Собес ААЖ-ға үйде жеке тегін оқытуға қабылданған балалардың тізімін және үйде оқыту кезеңі көрсетілген жеке тегін оқытуға қабылдау туралы бұйрық мәліметтерін, дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының нөмірі мен күнін береді.

      ҰБДҚ АЖ-ға енгізілген деректердің дұрыстығы мен бұрмаланбауына бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары жауапты болады. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) көрсету үшін негіз болып табылатын ҰБДҚ АЖ-дағы деректердің өзгермеуін қамтамасыз етеді

      5. Е-Собес ААЖ ҰБДҚ АЖ-дан алынған тізімді МОДБ ААЖ-да мүгедектіктің бар-жоғына тексеруді жүзеге асырады.

      6. Мүгедектігі бар екені расталған жағдайда, Е-Собес көрсетілетін қызметті тағайындауға өтініштің бар-жоғына тексеруді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындауға өтініш болған жағдайда аталған адам тізімнен шығарылады.

      7. Е-Собес ААЖ-да өтініші болмаған жағдайда дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім негізінде тізімге енгізілген адамдарға қатысты туыстық байланысты растауға және мынадай деректерді алуға ЖТ МДҚ-ға сұрау салу жібереді:

      - баланың және заңды өкілінің Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуі;

      - баланың және заңды өкілінің өмірлік мәртебесі туралы;

      - баланың туу туралы куәлігі;

      - баланың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (өзектілігін тексеру).

      ЖТ МДҚ-да ата-ана бойынша деректер болмаған жағдайда, Е-Собес ААЖ дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім негізінде заңды өкіл бойынша мәліметтерді алу үшін ҰБДҚ АЖ-ға сұрау салу жібереді.

      Қайтыс болғаны, хабар-ошарсыз кеткені, әрекетке қабілетсіздігі және азаматтығы жоқ екені, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгені туралы жазба болған жағдайда, аталған адам тізімнен шығарылады.

      8. Осы Алгоритмнің 7-тармағының нәтижелері бойынша қалыптастырылған тізімге енгізілген заңды өкілдерге қатысты Е-Собес ААЖ дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім негізінде МАБ-та тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөмірінің болуына тексеру жүргізеді.

      9. МАБ-та тіркелген қалыптастырылған тізімдегі адамдар бойынша Е-Собес ААЖ дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – Еңбекмині АЖ) интеграцияланған екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) ақпараттық жүйелеріне арнайы банктік шот нөмірінің (бұдан әрі – банктік шот) болуына сұрау салуды жүзеге асырады:

      1) бір ЕДБ-де банктік шот болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті проактивті нысанда алу және белгіленген соманы ЕДБ-нің көрсетілген банктік шотына аудару мүмкіндігі немесе Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ-нің басқа банктік шотын таңдау туралы SMS-хабар жіберіледі;

      2) бірнеше ЕДБ-де банктік шот болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті проактивті нысанда алу және ЕДБ-нің ұсынылған тізімінен таңдалған банк шотына тағайындалған соманы аудару мүмкіндігі туралы SMS-хабар жіберіледі;

      3) банктік шот болмаған жағдайда осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ бөлімшесінде банктік шот ашылған жағдайда мемлекеттік қызметті проактивті нысанда алу мүмкіндігі туралы SMS-хабар жіберіледі.

      10. Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде шот ашу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлар жіберілген көрсетілетін қызметті алушылар бойынша Е-Собес ААЖ SMS-хабарлар жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде шоттарды өзектендіру бойынша және сұрау-жауап режимінде шотты іздеу бойынша ЕДБ сервистеріне мониторингті жүзеге асырады.

      Егер қызметті алушы ЕДБ-нің бірінде Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен банктік шот ашқан жағдайда, Е-Собес ААЖ жәрдемақыны тағайындау және жүзеге асыру үшін ашылған банктік шотты автоматты түрде таңдайды және осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабар жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушыдан үш жұмыс күні ішінде жауап болмаған жағдайда, қызмет көрсету процесі проактивті нысанда аяқталады және осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабар жібереді.

      12. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар келісім берген және банктік шотты таңдаған кезде Е-Собес ААЖ автоматты режимде көрсетілген ЕДБ банктік шотының нөмірі бар электрондық өтінімді қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты негізгі талаптар, көрсету тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында айқындалады.

      13. Жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін Е-Собес ААЖ көрсетілетін қызметті алушыны осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау туралы SMS-хабар арқылы хабардар етеді.

      14. ҰБДҚ АЖ-дан мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін жоққа шығаратын мәліметтер келіп түскен кезде төлем тоқтатылады.

      __________________________________________

  "Мүгедектігі бар балаларды
үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу" мемлекеттік
қызметін проактивті нысанда
көрсету жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру кезінде
мемлекеттік органдардың өзара
іс-қимыл алгоритміне
1-қосымша

      Құрметті азамат!

      Сіздің "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін алуға құқығыңыз бар, тағайындалған сома Сіздің {payNameBankRu} банктік шотыңызға түседі.

      Келіскен жағдайда 1414 нөміріне {қызмет коды} #3#1 мәтінімен SMS жіберіңіз.

      Басқа банкті таңдау үшін 1414 нөміріне {қызмет коды} #3#0 мәтінімен SMS жіберіңіз

      Сіздің жауабыңыз "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім ретінде қабылданады. Жауап 3 жұмыс күні ішінде жіберілуі керек.

      Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

      __________________________________________

  "Мүгедектігі бар балаларды
үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу" мемлекеттік
қызметін проактивті нысанда
көрсету жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру кезінде
мемлекеттік органдардың өзара
іс-қимыл алгоритміне
2-қосымша

      Құрметті азамат!

      Сіздің "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін алуға құқығыңыз бар. Белгіленген соманы есептеу үшін төмендегі тізімнен банктердің реттік нөмірін таңдаңыз: {реттік нөмірі бар банктердің тізімі} / {bankListRu}

      1414 нөміріне {қызмет коды} #3#1{Банктің реттік нөмірі} мәтінімен SMS жіберіңіз

      Басқа банкті таңдау үшін 1414 нөміріне {қызмет коды} #3#0 мәтінімен SMS жіберіңіз.

      Сіздің жауабыңыз "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім ретінде қабылданады. Жауап 3 жұмыс күні ішінде жіберілуі керек.

      Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

      __________________________________________

  "Мүгедектігі бар балаларды
  үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу" мемлекеттік
қызметін проактивті нысанда
көрсету жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру кезінде
мемлекеттік органдардың өзара
іс-қимыл алгоритміне
3-қосымша

      Құрметті азамат!

      Сіздің "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін алуға құқығыңыз бар. Тағайындалған соманы аудару үшін төмендегі тізімнен банктердің кез келген бөлімшесінде шот ашу қажет немесе төмендегі сілтемелерді пайдаланыңыз: {реттік нөмірі бар банктердің тізімі} / {bankListRu}

      Банк Сіздің шотыңыздың ашылғаны туралы бізге автоматты түрде хабарлайды. Біз банктен 3 жұмыс күні ішінде хабарлама күтеміз.

      Сіздің жауабыңыз "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім ретінде қабылданады.

      Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

      __________________________________________

  "Мүгедектігі бар балаларды
үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу" мемлекеттік
қызметін проактивті нысанда
көрсету жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру кезінде
мемлекеттік органдардың өзара
іс-қимыл алгоритміне
4-қосымша

      Құрметті, {ТАӘ}!

      Жауапты күту мерзімі аяқталды.

      Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау мәселесі бойынша Сіз "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесіне, http://egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне аласыз.

      Жақын бөлімшені айқындау үшін Telegram Bot: https://t.me/egovkzbot сілтемесін пайдалана аласыз.

      __________________________________________

  "Мүгедектігі бар балаларды
үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу" мемлекеттік
қызметін проактивті нысанда
көрсету жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру кезінде
мемлекеттік органдардың өзара
іс-қимыл алгоритміне
5-қосымша

      Құрметті {ТАӘ}!

      Сізге {code_service} тағайындалды. Тағайындалған сома Сіздің банктік шотыңызға {payNameBankKz} түседі.

      __________________________________________

О запуске пилотного проекта по оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" в проактивной форме

Совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 16 февраля 2024 года № 42, Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 16 февраля 2024 года № 75/НҚ и Министра просвещения Республики Казахстан от 16 февраля 2024 года № 38

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 6.

      В соответствии со статьей 22 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Запустить пилотный проект по оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" в проактивной форме.

      2. Утвердить прилагаемый Алгоритм взаимодействия государственных органов при реализации пилотного проекта по оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" в проактивной форме согласно приложению к настоящему совместному приказу.

      3. Участникам пилотного проекта до окончания пилота обеспечить реализацию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" в проактивной форме посредством информационно-аналитической системы Smart Data Ukimet.

      4. Департаменту цифровизации и автоматизации государственных услуг Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, Комитету государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан и Департаменту цифровизации и автоматизации государственных услуг Министерства просвещения Республики Казахстан довести настоящий совместный приказ до сведения местных исполнительных органов и заинтересованных подведомственных организаций.

      5. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих вице-министров труда и социальной защиты населения, просвещения, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      6. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и действует до 31 декабря 2024 года.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
__________ Г. Бейсембаев
      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
__________ Б. Мусин
      Министр труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан
__________ С. Жакупова

  Утвержден
совместным приказом
Министра просвещения
Республики Казахстан
от 16 февраля 2024 года № 38
и Министра цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 16 февраля 2024 года № 75/НҚ
и Министра труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 16 февраля 2024 года № 42

Алгоритм взаимодействия государственных органов при реализации пилотного проекта по оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" в проактивной форме

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Алгоритм взаимодействия государственных органов при реализации пилотного проекта по оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" в проактивной форме (далее – Алгоритм) определяет порядок взаимодействия министерств труда и социальной защиты населения, просвещения, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан при реализации пилотного проекта по оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" в проактивной форме.

      2. В настоящем Алгоритме используются следующие основные понятия и сокращения:

      1) информационная система "Государственная база данных "Физические лица" (далее – ГБД ФЛ) – единая система регистрации и хранения информации о физических лицах Республики Казахстан, достаточный для идентификации и определения гражданского состояния;

      2) автоматизированная информационная система "Е-Собес" (далее – АИС Е-Собес) – аппаратно-программный комплекс, предназначенный для автоматизации бизнес-процессов оказания социальной помощи в материальном и натуральном выражении, специальных социальных услуг, формирования, ведения и использования базы данных мероприятий, проводимых местными исполнительными органами;

      3) услугополучатель – физическое лицо, которому оказывается государственная услуга;

      4) короткое текстовое сообщение (далее – SMS-сообщение) – услуга, оказываемая оператором сотовой связи, по приему и передаче информации посредством сети сотовой связи;

      5) база мобильных граждан (далее – БМГ) – база подключенных к учетной записи портала абонентских номеров услугополучателей, предоставленных операторами сотовой связи, используемых для оказания государственных услуг посредством абонентских устройств подвижной сети и направления информационных сообщений, а также оказания проактивных государственных услуг;

      6) автоматизированная информационная система Централизованный банк данных лиц, имеющих инвалидность (далее – АИС ЦБДИ) – аппаратно-программный комплекс, предназначенный для автоматизации бизнес-процессов по установлению инвалидности, утраты трудоспособности, разработке индивидуальной программы абилитации и реабилитации, а также для хранения и обработки данных по лицам, прошедшим освидетельствование в отделах медико-социальной экспертизы;

      7) информационная система "Национальная образовательная база данных" (далее – ИС НОБД) – информационная система, предназначенная для сбора, обработки и анализа административных и иных данных в области образования, обеспечения информационного взаимодействия с другими объектами информатизации, в том числе по передаче данных о законных представителей ребенка, осуществляющие в соответствии с законодательством Республики Казахстан заботу, образование, воспитание, защиту прав и интересов ребенка;

      Все иные термины, используемые в Алгоритме, используются в том значении, в котором они употребляются в Законе Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи", Законе Республики Казахстан "О государственных услугах", Законе Республики Казахстан "Об информатизации" и иных нормативных правовых актах.

      3. Участники пилотного проекта соблюдают требования Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", а также Единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 832.

Глава 2. Порядок взаимодействия государственных органов при реализации государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" в проактивной форме

      4. ИС НОБД через сервис актуализации ежедневно передает в АИС Е-Собес список детей, зачисленных на индивидуальное бесплатное обучение на дому, и сведения о приказе на индивидуальное бесплатное обучение на дому с периодом обучения на дому, номера и даты заключения врачебно-консультационной комиссии.

      За правильность и корректность данных, внесенных в ИС НОБД, несут ответственность организации начального, основного среднего, общего среднего образования. Министерство просвещения Республики Казахстан обеспечивает неизменность данных в ИС НОБД, которые являются основанием для оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" (далее – услуга).

      5. АИС Е-Собес осуществляет проверку списка, полученного из ИС НОБД, на наличие инвалидности в АИС ЦБДИ.

      6. В случае подтверждения наличия инвалидности АИС Е-Собес осуществляет проверку на наличие заявления на назначение услуги.

      В случае наличия заявления на назначение государственной услуги данное лицо исключается из списка.

      7. В случае отсутствия заявления АИС Е-Собес в отношении лиц, включенных в список, сформированный по результатам пункта 6 настоящего Алгоритма, на основании согласия на сбор, обработку персональных данных, полученного посредством государственного сервиса контроля доступа к персональным данным, направляет запрос в ГБД ФЛ на подтверждение родственной связи и получение следующих данных:

      - регистрация по постоянному месту жительства на территории Республики Казахстан ребенка и законного представителя;

      - жизненный статус ребенка и законного представителя;

      - свидетельство о рождении ребенка;

      - документ, удостоверяющем личность законного представителя ребенка (проверка на актуальность).

      При отсутствии данных по родителю в ГБД ФЛ, АИС Е-собес на основании согласия на сбор, обработку персональных данных, полученного посредством государственного сервиса контроля доступа к персональным данным, направляет запрос в ИС НОБД для получения сведений по законным представителям.

      В случае наличия записи о смерти, пропаже без вести, недееспособности и отсутствия гражданства, регистрации на территории Республики Казахстан данное лицо исключается из списка.

      8. В отношении законных представителей, включенных в список, сформированный по результатам пункта 7 настоящего Алгоритма, АИС Е-Собес на основании согласия на сбор, обработку персональных данных, полученного посредством государственного сервиса контроля доступа к персональным данным, производит проверку на наличие зарегистрированного абонентского номера сотовой связи в БМГ.

      9. По лицам из сформированного списка, зарегистрированным в БМГ, АИС Е-Собес на основании согласия на сбор, обработку персональных данных, полученного посредством государственного сервиса контроля доступа к персональным данным, осуществляет запрос в информационные системы банков второго уровня (далее – БВУ), которые интегрированы с информационной системой Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее – ИС МТСЗН) на наличие специального банковского счета (далее – банковский счет).

      1) при наличии банковского счета только в одном БВУ, услугополучателю отправляется SMS-сообщение, по форме согласно приложению 1 к настоящему Алгоритму, о возможности получения государственной услуги в проактивной форме и зачисления назначенной суммы на указанный банковский счет БВУ, либо возможности выбора другого банковского счета БВУ с которыми реализована интеграция с ИС МТСЗН;

      2) при наличии банковского счета в нескольких БВУ услугополучателю отправляется SMS-сообщение, по форме согласно приложению 2 к настоящему Алгоритму, о возможности получения государственной услуги в проактивной форме, и зачисления назначенной суммы на банковский счет, выбранного из предложенного списка БВУ;

      3) при отсутствии банковского счета отправляется SMS-сообщение, по форме согласно приложению 3 к настоящему Алгоритму, о возможности получения государственной услуги в проактивной форме при открытии банковского счета в отделении БВУ, с которыми реализована интеграция ИС МТСЗН.

      10. По услугополучателям, которым были направлены SMS-сообщения о возможности открытия счета в любом отделении БВУ из списка банков, с которыми реализована интеграция ИС МТСЗН, АИС Е-Собес осуществляет мониторинг сервисов БВУ по актуализации счетов и по поиску счета в режиме запроса-ответа в течение 3 рабочих дней с момента отправки SMS-сообщения.

      В случае если услугополучателем был открыт банковский счет в одном из БВУ из списка банков, с которыми реализована интеграция ИС МТСЗН, АИС Е-Собес автоматически выбирает открытый банковский счет для назначения и осуществления пособия и отправляет SMS-сообщение услугополучателю, согласно приложению 1 к настоящему Алгоритму.

      11. В случае отсутствия ответа от услугополучателя в течение трех рабочих дней, процесс оказания услуги в проактивной форме завершается и отправляет SMS-сообщение услугополучателю, согласно приложению 4 к настоящему Алгоритму.

      12. При получении от потенциальных услугополучателей согласия и выборе банковского счета, АИС Е-Собес в автоматическом режиме формирует электронную заявку с номером банковского счета указанного БВУ.

      Основные требования, порядок и сроки оказания, связанных с оказанием государственной услуги определяется Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" утвержденным, приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84.

      13. После принятия решения о назначении пособия АИС Е-Собес уведомляет услугополучателя посредством SMS-сообщения, по форме согласно приложению 5 к настоящему Алгоритму о назначении пособия.

      14. При поступлений из ИС НОБД сведений опровергающие факт обучения ребенка с инвалидностью на дому, выплата прекращается.

      __________________________________________

  Приложение 1
к Алгоритму взаимодействия
государственных органов при
реализации пилотного проекта
по оказанию государственной
услуги "Возмещение затрат на
обучение на дому детей с
инвалидностью" в проактивной форме

      Уважаемый(ая) гражданин(ка)!

      Вы имеете право на получение государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью". Назначенная сумма поступит на Ваш банковский счет в {payNameBankRu}.

      При согласии отправьте SMS на номер 1414 с текстом {код услуги} #3#1

      Для выбора другого банка, отправьте SMS на номер 1414 с текстом {код услуги} #3#0

      Ваш ответ будет принят как согласие на сбор и обработку персональных данных в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите". Ответ необходимо направить в течении 3 рабочих дней.

      По всем вопросам можете обратиться в Call-центр по номеру 1414. Звонок бесплатный.

      __________________________________________

  Приложение 2
к Алгоритму взаимодействия
государственных органов при
реализации пилотного проекта
по оказанию государственной
услуги "Возмещение затрат на
обучение на дому детей с
инвалидностью" в проактивной форме

      Уважаемый(ая) гражданин(ка)!

      Вы имеете право на получение государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью". Для зачисления назначенной суммы, выберите порядковый номер банков из списка ниже: {список банков с порядковым номером}/{bankListRu}

      Отправьте SMS на номер 1414 с текстом {код услуги}#3#1{порядковый номер банка}

      Для выбора другого банка, отправьте SMS на номер 1414 с текстом {код услуги} #3#0.

      Ваш ответ будет принят как согласие на сбор и обработку персональных данных в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите". Ответ необходимо направить в течении 3 рабочих дней.

      По всем вопросам можете обратиться в Call-центр по номеру 1414. Звонок бесплатный.

      __________________________________________

  Приложение 3
к Алгоритму взаимодействия
государственных органов при
реализации пилотного проекта
по оказанию государственной
услуги "Возмещение затрат на
обучение на дому детей с
инвалидностью" в проактивной форме

      Уважаемый(ая), гражданин(ка)!

      Вы имеете право на получение государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью". Для зачисления назначенной суммы, Вам необходимо открыть счет в любом отделении банков из списка ниже, либо воспользуйтесь нижеперечисленными ссылками: {список банков с порядковым номером}/{bankListRu}

      Банк автоматически уведомит нас об открытии Вашего счета. Уведомление от банка ожидаем в течении 3 рабочих дней.

      Ваш ответ будет принят как согласие на сбор и обработку персональных данных в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".

      По всем вопросам можете обратиться в Call-центр по номеру 1414. Звонок бесплатный.

      __________________________________________

  Приложение 4
к Алгоритму взаимодействия
государственных органов при
реализации пилотного проекта
по оказанию государственной
услуги "Возмещение затрат на
обучение на дому детей с
инвалидностью" в проактивной форме

      Уважаемый(ая), {ФИО}!

      Срок ожидания ответа истек.

      По вопросам назначения выплаты по возмещению затрат на обучение на дому детей с инвалидностью Вы можете обратиться в отделение Государственной корпорации "Правительство для граждан", через портал "электронного правительства" http://egov.kz.

      Для определения ближайшего отделения, можете воспользоваться Telegram Bot: https://t.me/egovkzbot

      __________________________________________

  Приложение 5
к Алгоритму взаимодействия
государственных органов при
реализации пилотного проекта
по оказанию государственной
услуги "Возмещение затрат на
обучение на дому детей с
инвалидностью" в проактивной форме

      Уважаемый(ая), {ФИО}!

      Вам назначена {code_service}. Назначенная сумма поступит на Ваш банковский счет в {payNameBankRu}.

      __________________________________________