ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының аумағында жеке көмекші қызметтерінің құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуі жөніндегі пилоттық жобасы (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске қосылсын.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орталық мемлекеттік және Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының, ақпараттық жүйелер мен ұйымдардың "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жеке көмекші қызметтерінің құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуі жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.
3. Пилоттық жобаны іске асыру кезеңі 2024 жылғы 1 тамыздан 30 қарашаға дейін белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті осы бірлескен бұйрықты пилоттық жобаға қатысатын ведомстволық бағынысты ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия бойынша департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатыныстарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
___________С. Жақыпова |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
_____________Ж. Мәдиев |
Орталық мемлекеттік және Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының, ақпараттық жүйелер мен ұйымдардың "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жеке көмекші қызметтерінің құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуі жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орталық мемлекеттік және Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының, ақпараттық жүйелер мен ұйымдардың "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жеке көмекші қызметтерінің құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуі жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жеке көмекші қызметтерінің құнын жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) өтеуі (бұдан әрі – өтеу) кезіндегі орталық мемлекеттік органдардың, Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-ның, ақпараттық жүйелер мен ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
2. Осы Алгоритмде келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) "Е-Собес" ААЖ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
2) "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ААЖ (бұдан әрі – "ТӨҰ" ААЖ) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйесі;
3) "ОДҚ" ААЖ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
4) "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ЕРДО) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық жағынан сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық жағынан қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту мен қолдап отыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;
5) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;
6) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
8) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – ӘҚП) – кепілді сома шегінде ЖАО олардың құнын өтеуі шарттарымен мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;
9) порталда тауарларды және (немесе) қызметтерді берушілер (бұдан әрі – өнім берушілер) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, жеке көмекшілер;
10) жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері.
3. Жеке көмекші қызметтеріне ақы төлеуді Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО кепілдік берілген сома шегінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 199 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32681 болып тіркелген) 8-тармағына сәйкес жеке көмекшінің қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 13,64 пайызы есебінен айқындалады.
4. Жеке көмекшінің міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МЗЖ) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі – МӘМС) жарналарды аударуды осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Е-Собес" ААЖ алынған тізім негізінде кепілді сома шегінде Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО жүзеге асырады.
5. Жеке көмекші үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО кепілдік берген сомадан тыс жүзеге асырады.
2-тарау. Өтеуге арналған мәліметтерді қалыптастыру тәртібі
6. "Е-Собес" ААЖ ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 14-күні ӘҚП-ден қабылданған:
"Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Премьер-Министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жеке көмекшінің сүйемелдеу парағын қоса бере отырып, "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша өнім берушінің және жеке көмекшінің орындалған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) актілері;
өтеу сомасын есептеу үшін өнім берушінің және жеке көмекшінің банктік деректемелері негізінде өнім берушілердің тізімдерін қалыптастыруды жүзеге асырады.
7. "Е-Собес" ААЖ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес МӘМС жарналарын және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 248-бабына сәйкес МЗЖ төлеуден босатылған адамдар бойынша мәліметтерді алу үшін "ТӨҰ" ААЖ-не сұрау салуды жібереді.
8. "Е-Собес" ААЖ "ТӨҰ" ААЖ-нен мәліметтерді алғаннан кейін өнім берушінің қызметтеріне кепілдік берілген соманың төленуін автоматты түрде:
Мемлекеттік корпорация арқылы өтеу сомасын есептеуді;
Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ аударуды және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына МӘМС жарналарын аударуды;
қалыптастырылған өтеу сомасы туралы өнім берушіге хабарламаны оның жеке кабинетінде көрсете отырып жүргізеді.
9. "Е-Собес" ААЖ осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты түрде "ОДҚ" ААЖ-ға өтеуге арналған мәліметтерді береді.
10. "ОДҚ" ААЖ өнім беруші бойынша МЗЖ аударымдарын және МӘМС жарналарын мониторингілеуді жүзеге асырады және МЗЖ сомалары мен МӘМС жарналары туралы мәліметтерді "Е-Собес" ААЖ-ға береді.
3-тарау. Мемлекеттік корпорацияның төлемді ұйымдастыру тәртібі
11. Мемлекеттік корпорация пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде өтеуді оны өтеусіз негізде көрсетеді.
12. Мемлекеттік корпорация ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күні "ОДҚ" ААЖ-ға келіп түскен мәліметтер негізінде өтеуге арналған бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады.
13. Төлем айына қажеттілік қалыптасқаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеу кезеңі көрсетіле отырып, одан кейінгі айға енгізілуге тиіс.
14. Қажеттілік қалыптасқаннан кейін Мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей өтеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімді Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-ға жібереді.
15. Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО өтеуге қажеттілік сомасы туралы өтінім келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде өтеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сомалар шегінде Мемлекеттік корпорацияға ақша қаражатын аударады.
16. Мемлекеттік корпорация өтеу сомасы түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №105 қаулысымен айқындалған нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастырады және өнім берушінің банктік шотына төлемді жүзеге асырады.
17. Уәкілетті ұйымнан өтеу сомасы қайтарылған кезде Мемлекеттік корпорация қайтарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей "ОДҚ" ААЖ арқылы "Е-Собес" ААЖ-ға өтем сомасын қайтару туралы мәліметтерді жібереді.
18. "Е-Собес" ААЖ өтем сомасын қайтару туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде өнім берушінің жеке кабинетінде көрсете отырып, оның банктік деректемелерінің дұрыс еместігі туралы ақпаратты ӘҚП-ға жібереді.
19. "Е-Собес" ААЖ ӘҚП-дан өнім берушінің банктік деректемелеріндегі өзгерістер келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде қайта қаржыландыру үшін "ОДҚ" ААЖ-ға жібереді.
20. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-ға өнім берушілерге жіберілмеген өтеуді қайтару сомаларын жібереді.
21. Мемлекеттік корпорация ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО өтеуге түскен сомалар туралы салыстыру актісіне қол қояды.
22. Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО Мемлекеттік корпорацияға өтеуді төлейтін айдан кейінгі әрбір айдың 10-күнінен кешіктірмей осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтем төлеуге түскен сомалар туралы қағаз жеткізгіште қол қойылған салыстыру актісін екі данада жібереді.
23. Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО банк қызметтеріне ақы төлеуді жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті ұйым бөлінісінде жүргізілген өтемақы төлемдері бойынша "ОДҚ" ААЖ-дан "Е-Собес" ААЖ арқылы алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
4-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру кезінде орталық мемлекеттік органдардың, Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО және ұйымдардың өзара іс-қимылы
24. Берілетін дербес деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын, сондай-ақ қорғалуын ақпаратты беретін ақпараттық жүйе тарапы (сервис иесі) қамтамасыз етеді.
25. ЕРДО ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын және ақпараттық жүйелерді пайдаланушылар қалыптастырған мәліметтердің өзгермейтіндігін және форматтық-логикалық бақылауды уақтылы белгілеуді қамтамасыз етеді.
26. Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО және Мемлекеттік корпорация өтеу кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіптің, мерзімдердің және өзге де талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация арқылы жеке көмекші қызметтерінің құнына өтемді төлеуге орындалған жұмыстар актілері бойынша тізім | |||||||||||||||||
Бөлімше: ______ Төлеуге арналған ай:_______ | |||||||||||||||||
№ | Облыс | Өңір | МБА ЖСН | МБА ТАӘ | ҮЕҰ БСН/ ЖСН ЖК/өнім беруші | ҮЕҰ/ЖК атауы/ өнім беруші ТАӘ | Көмекші ЖСН | Көмекші ТАӘ | Тапсырыс нөмірі | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Жалғасы
Шешім нөмірі | Акт нөмірі | Акт түскен күн | Акт айы | Кепілдік берілген сома, теңге | оның ішінде сома | ||
Өнім берушіге, теңге | Міндетті зейнетақы жарналарына (МЗЖ), теңге |
Міндетті әлеуметтік медициналық | |||||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
* МБА - мүгедектігі бар адам
Жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеуге арналған мәліметтер
№ | Өнім берушінің және жеке көмекшінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі | Мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі | Өнім берушінің банктік деректемелері | Қызмет көрсету кезеңі (ай) | Өтеуге арналған сома | МЗЖ сомасы | МӘМС сомасы |
1. | |||||||
2. | |||||||
3. |
____________________________________________ және (ЖАО атауы)
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арасында жеке көмекші қызметінің құнын өтеуге түскен сомалар туралы салыстыру актісі
__________ жылғы есептік кезең
Жол коды |
ЖАО |
ЖАО | Түскен өтеу сомалары туралы төлем тапсырмасының № | Келіп түскен жалпы сипаттағы өтеу сомалары туралы төлем тапсырмасының күні | Сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы: _______________ (сомасы жазбаша)
________________________________ бойынша (ЖАО атауы) уәкілетті ұйым бөлінісінде жеке көмекші қызметтерінің құнын өтеудің жүргізілген сомалары бойынша мәліметтер
__________ жылғы есептік кезең
р/н № | Атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ аударылды | Уәкілетті ұйымға қайтарылды | "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ төленді | |||
алушылар саны | сомасы, теңге | алушылар саны | сомасы, теңге | алушылар саны | сомасы, теңге | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
БАРЛЫҒЫ |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ
____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы және қолы)