"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33238 болып тіркелген) сәйкес, Талап селосыхалқыныңпікірін ескере отырып, Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 12 қаңтардағы қорытындысы негізінде Талап селосының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Талап селосының әкімінің 11.02.2025 № 2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Талап селосындағы
Микрорайон - Мәңгілік Ел көшесі,
Центральная көшесін - Тәуелсіздік көшесі,
Мичурин көшесін - Бұланты көшесі
Молодежная көшесін - Жібек жолы көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім | К.М.Бапанов |