Талап селосы әкімінің 2024 жылғы 1 ақпандағы № 1 "Талап селосындағы Микрорайон-Мәңгілік Ел көшесі, Центральная көшесін-Тәуелсіздік көшесі, Мичурин көшесін-Бұланты көшесі, Молодежная көшесін-Жібек жолы көшесі деп қайта атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Талап селосының әкімінің 2025 жылғы 11 ақпандағы № 2 шешімі

      Талап селосының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талап селосы әкімінің "Талап селосындағы Микрорайон-Мәңгілік Ел көшесі, Центральная көшесін-Тәуелсіздік көшесі, Мичурин көшесін-Бұланты көшесі, Молодежная көшесін-Жібек жолы көшесі деп қайта атау туралы" 2024 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33238 болып тіркелген) сәйкес, Талап селосыхалқыныңпікірін ескере отырып, Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 12 қаңтардағы қорытындысы негізінде Талап селосының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К.Бапанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады