Талап селосындағы Микрорайон-Мәңгілік Ел көшесі, Центральная көшесін-Тәуелсіздік көшесі, Мичурин көшесін-Бұланты көшесі, Молодежная көшесін-Жібек жолы көшесі деп қайта атау туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Талап селосының әкімінің 2024 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес, селотұрғындарының пікірін ескере отырып, Талап селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Талап селосындағы

      Микрорайон - Мәңгілік Ел көшесі,

      Центральная көшесін - Тәуелсіздік көшесі,

      Мичурин көшесін - Бұланты көшесі

      Молодежная көшесін - Жібек жолы көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Әкім К.М.Бапанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады