Республикалық орфография комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 468 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына және 19-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2024 жылғы 7 маусымдағы №16-04/05-4040 хаттамалық тапсырмасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Республикалық орфография комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Нұрбек

  Республикалық
орфография комиссиясы
туралы ережеге
қосымша

Республикалық орфография комиссиясы мүшелерінің ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ _______________________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

      № отырыс

      күні:

Мәселе №

Мәселенің мазмұны

Шешім жобасы

Комиссия мүшесінің шешімі

қолдаймын

қолдамаймын

пысықталсын

күн тәртібінен алып тасталсын

ескертпе (егер шешімді қолдаса, толтырылмайды)

1.








      ____________________ қолы

      Ескертпе: тікелей комиссияның отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 468 бұйрығына
1-қосымша

Республикалық орфография комиссиясының құрамы

1.

Төраға

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі;

2.

Төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы;

3.

Хатшы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Лингвистикалық жұмыс басқармасының басшысы;

4.

Аитова
Нұрлыхан Нұруллақызы

"М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті" акционерлік қоғамының доценті, филология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

5.

Алдаш
Айманкүл Мырзалықызы

"А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы;

6.

Базарбаева
Зейнеп Мүсілімқызы

"А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы;

7.

Ерғалиев
Қуаныш Советұлы

"Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты;

8.

Ермекова
Тыныштық Нұрдәулетқызы

"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;

9.

Жақыпов
Жантас Алтайұлы

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;

10.

Жалмаханов
Шапағат Шарапатұлы

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;

11.

Жұбаева
Орынай Сағынғалиқызы

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;

12.

Қалыбаева
Қаламқас Сейдуллақызы

"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;

13.

Қапалбек
Бижомарт Сейсенбекұлы

"Мемлекеттік тілді дамыту институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);

14.

Күдеринова
Құралай Бимолдақызы

"А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы;

15.

Қарымбаева
Күлзинат Мейрамбайқызы

"М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Журналистика және филология" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты;

16.

Маралбек
Ермұхамет

"А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ахметтану бөлімінің басшысы, "Лингвистика" мамандығы бойынша философия докторы (PhD);

17.

Момынова
Бағдан Қатайқызы

"А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы;

18.

Нұрдәулетова
Бибайша Ілиясқызы

"Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;

19.

Оспанов
Еділбай Төлеубайұлы

"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты;

20.

Оспанова
Дана Жаңабекқызы

"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Терминология" бөлімі басшысының міндетін атқарушы, "Филология" мамандығы бойынша философия докторы (PhD);

21.

Салқынбай
Анар Бекмырзақызы

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;

22.

Сәрсенбай
Жанат Асылханқызы

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының аға оқытушысы, "Қазақ филологиясы" мамандығы бойынша философия докторы (PhD);

23.

Таласпаева
Жанар Серкешқызы

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты;

24.

Фазылжанова
Анар Мұратқызы

"А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, филология ғылымдарының кандидаты.

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 468 бұйрығына
2-қосымша

Республикалық орфография комиссиясы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Республикалық орфография комиссиясы туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Республикалық орфография комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) –Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Комиссия өз қызметінде:

      сөзжасамда, оның ішінде шеттілдік сөздерді игеріп жазуда фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі-тарихи принциптерді сақтау;

      қазіргі кезеңге дейін жазу тәжірибесінде қалыптасқан базалық нормаларды сақтау;

      қазақ тілінің үндестік заңын сақтау;

      сөздерді жазуда бірізділікті сақтау;

      тыныс белгілерін қоюда бірізділікті сақтау;

      сөздердің жазылуын ықшамдау;

      сөздік қордың көлемін кеңейту, жаңартып, жетілдіріп отыру;

      жиі қолданылатын (актив лексика) және қолданыстан шығып бара жатқан (пассив лексика) сөздерді саралау принциптерін ұстанады.

      5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      6. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына екі реттен кем емес.

2-тарау. Комиссияның міндеттері

      7. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) қазақ тілінің орфография ережесi, сөздердің айтылуы және тыныс белгілерінің қойылуы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;

      2) қазақ тілінің емле ережесінің жобасын тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсыну;

      3) қазақ тілінің сөздіктерін құрастыруға және басып шығару кезеңділігіне қойылатын талаптарды әзірлеу;

      4) қазақ тілінің сөздіктері мен анықтамалықтарының тізімін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      5) қазақ тілі сөздіктерінің, анықтамалық құралдардың жобаларын келіп түскен жағдайда орфография нормаларына сәйкестігі тұрғысынан қарау;

      6) бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әріп арқылы беру мәселелері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;

      7) Комиссия жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет және әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу.

3-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      8. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ болады.

      9. Комиссияны уәкілетті органның вице-министрінен төмен емес мәртебесі бар лауазымды тұлға басқарады.

      10. Комиссияның дербес құрамын уәкілетті органның Министрі бекітеді.

      Комиссияның құрамына ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының лингвист-ғалымдары олардың келісімі бойынша енгізіледі.

      Комиссия мүшелері өздерінің қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.

      11. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.

      12. Комиссияның хатшысы ретінде уәкілетті органның орфография мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің басшылық лауазымынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.

      13. Комиссияның отырыстары оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi.

      14. Комиссияның отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.

      15. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыстардың хаттамаларын ресімдейді, сондай-ақ отырыс өткізу жоспарланған күнге дейін үш жұмыс күні қалғанда Комиссия мүшелеріне шақыруды, күн тәртібін және қажетті материалдарды цифрлық форматта жібереді.

      16. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      17. Комиссия отырыстары офлайн режімде және/немесе қолжетімді онлайн-сервистер пайдаланыла отырып өткізіледі.

      Аралас режімде қолжетімді онлайн-сервистер бір мезгілде қолданылатын бетпе-бет формат пайдаланылады.

      18. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында осы ережеге қосымшаға сәйкес дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі.

      Отырыс онлайн немесе аралас режімде өткізілгенде, Комиссия мүшелері толтырылған дауыс беру парақтарын екі жұмыс күні ішінде Комиссия жұмыс органының tilkomiteti01@gmail.com қызметтік электрондық поштасына жолдайды.

      19. Төраға үш жұмыс күні ішінде хаттамаға қол қояды, оны хатшы тіркейді және Комиссия мүшелеріне жібереді.

      20. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

О Республиканской орфографической комиссии

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 30 сентября 2024 года № 468

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 25 Закона Республики Казахстан "О языках в Республике Казахстан", а также подпунктом 1) пункта 14 и подпунктом 4) пункта 19 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580, а также во исполнение протокольного поручения Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан от 7 июня 2024 года №16-04/05-4040, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Создать Республиканскую орфографическую комиссию (далее – Комиссия) в составе согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2. Утвердить Положение о Комиссии согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      3. Комитету языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр С. Нурбек

  Приложение
к Положению
о Республиканской
орфографической комиссии

ЛИСТ ГОЛОСОВАНИЯ
членов Республиканской орфографической комиссии _________________________________________________
Ф.И.О. (при его наличии), должность

      Заседание №

      дата:

№ Вопроса

Содержание вопроса

Проект решения

Решение члена комиссии

поддерживаю

не поддерживаю

доработать

снять с повестки дня

Примечание (не заполняется, если решение поддерживается)

1.








      ____________________
            подпись

      Примечание: заполняется непосредственно на заседании комиссии и передается сотрудникам рабочего органа для учета результатов голосования.

  Приложение 1
к приказу Министра науки
и высшего образования
Республики Казахстан
от 30 сентября 2024 года № 468

Состав Республиканской орфографической комиссии

1.

Председатель

вице-министр науки и высшего образования Республики Казахстан;

2.

Заместитель председателя

председатель Комитета языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан;

3.

Секретарь

руководитель Управления лингвистической работы Комитета языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан;

4.

Аитова
Нурлыхан Нуруллаевна

доцент акционерного общества "Казахский гуманитарно-юридический университет имени М.С. Нарикбаева", кандидат филологических наук (по согласованию);

5.

Алдаш
Айманкуль Мырзалиевна

главный научный сотрудник республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт языкознания имени А. Байтурсынулы", доктор филологических наук;

6.

Базарбаева
Зейнеп Муслимовна

главный научный сотрудник республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт языкознания имени А. Байтурсынулы", академик Национальной академии наук Республики Казахстан, доктор филологических наук;

7.

Ергалиев
Куаныш Советович

профессор некоммерческого акционерного общества "Павлодарский педагогический университет имени Әлкея Марғұлана", кандидат филологических наук;

8.

Ермекова
Тыныштык Нурдаулетовна

профессор некоммерческого акционерного общества "Казахский национальный женский педагогический университет", доктор филологических наук;

9.

Жакупов
Жантас Алтаевич

профессор некоммерческого акционерного общества "Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева", доктор филологических наук;

10.

Жалмаханов
Шапагат Шарапатович

профессор некоммерческого акционерного общества "Карагандинский университет имени академика Е.А. Букетова", доктор филологических наук;

11.

Жубаева
Орынай Сагынгалиевна

профессор некоммерческого акционерного общества "Казахский национальный университет имени аль-Фараби", доктор филологических наук;

12.

Калыбаева
Каламкас Сейдуллаевна

профессор некоммерческого акционерного общества "Казахский национальный педагогический университет имени Абая", доктор филологических наук;

13.

Капалбек
Бижомарт Сейсенбекович

исполнительный директор товарищества с ограниченной ответственностью "Институт развития государственного языка" (по согласованию);

14.

Кудеринова
Куралай Бимолдаевна

заместитель директора республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт языкознания имени А. Байтурсынулы", доктор филологических наук;

15.

Карымбаева
Кулзинат Мейрамбаевна

заведующая кафедрой "Журналистика и филология" некоммерческого акционерного общества "Таразский университет имени М.Х. Дулати", кандидат филологических наук;

16.

Маралбек
Ермухамет

руководитель отдела "Ахметтану" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт языкознания имени А. Байтурсынулы", доктор философии (PhD) по специальности "Лингвистика";

17.

Момынова
Багдан Катаевна

главный научный сотрудник республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт языкознания имени А. Байтурсынулы", доктор филологических наук;

18.

Нурдаулетова
Бибайша Ильясовна

профессор некоммерческого акционерного общества "Каспийский университет технологий и инжиниринга имени Ш. Есенова", доктор филологических наук;

19.

Оспанов
Едильбай Толеубаевич

заведующий кафедрой "Казахская литература и методика обучения имени С. Кирабаева" некоммерческого акционерного общества "Казахский национальный педагогический университет имени Абая", кандидат филологических наук;

20.

Оспанова
Дана Жанабековна

исполняющий обязанности руководителя отдела "Терминологии" некоммерческого акционерного общества "Национальный научно-практический центр "Тіл-Қазына" имени Шайсултана Шаяхметова", доктор философии (PhD) по специальности "Филология";

21.

Салкынбай
Анар Бекмырзаевна

профессор некоммерческого акционерного общества "Казахский национальный университет имени аль-Фараби", доктор филологических наук;

22.

Сарсенбай
Жанат Асылхановна

старший преподаватель некоммерческого акционерного общества "Казахский национальный университет имени аль-Фараби", доктор философии (PhD) по специальности "Казахская филология";

23.

Таласпаева
Жанар Серкешовна

профессор некоммерческого акционерного общества "Северо-Казахстанский университет имени Манаша Козыбаева", кандидат филологических наук;

24.

Фазылжанова
Анар Муратовна

директор республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт языкознания имени А. Байтурсынулы", кандидат филологических наук.




  Приложение 2
к приказу Министра
науки и высшего образования
Республики Казахстан
от 30 сентября 2024 года № 468

Положение о Республиканской орфографической комиссии

Глава 1. Общие положения

      1. Положение о Республиканской орфографической комиссии разработано в соответствии с подпунктом 1) статьи 25 Закона Республики Казахстан "О языках в Республике Казахстан", а также подпунктом 1)) пункта 14 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580.

      2. Республиканская орфографическая комиссия (далее – Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан.

      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Комиссия в своей деятельности следует принципам:

      соблюдение фонетических, морфологических, традиционно-исторических принципов при словообразовании, в том числе при заимствовании иноязычных слов;

      соблюдение базовых норм, сложившихся в практике письма до современного периода;

      соблюдение закона сингармонизма казахского языка;

      соблюдение единообразия в написании слов;

      соблюдение единообразия в постановке знаков препинания;

      упрощение написания слов;

      расширение, обновление и совершенствование словарного запаса;

      дифференциация часто используемых (активная лексика) и выходящих из употребления (пассивная лексика) слов.

      5. Рабочим органом Комиссии является Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      6. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не менее двух раз в год.

Глава 2. Функции Комиссии

      7. Основными функциями Комиссии являются:

      1) выработка предложений и рекомендаций по правилам орфографии казахского языка, произношению слов и расставлению знаков препинания;

      2) представление на утверждение уполномоченному органу в сфере развития языков проекта правил правописания казахского языка;

      3) разработка требований к составлению и периодичности издания словарей казахского языка;

      4) выработка предложений по формированию списка словарей и справочников казахского языка;

      5) рассмотрение проектов словарей казахского языка, справочных средств на предмет соответствия нормам орфографии при их поступлении;

      6) выработка предложений по вопросам побуквенной передачи текстов и отдельных слов одной графической системы средствами другой графической системы;

      7) информационное сопровождение работы Комиссии в средствах массовой информации, Интернет и социальных сетях.

Глава 3. Организация работы Комиссии

      8. Комиссия состоит из председателя, заместителя председателя, членов Комиссии и секретаря. Секретарь Комиссии не является ее членом.

      Количество членов Комиссии является нечетным.

      9. Комиссию возглавляет должностное лицо со статусом не ниже вице-министра уполномоченного органа.

      10. Персональный состав Комиссии утверждается Министром уполномоченного органа.

      В состав Комиссии включаются ученые-лингвисты научных организаций и высших учебных заведений по согласованию с ними.

      Члены Комиссии принимают участие в их деятельности без права замены.

      11. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях Комиссии, планирует ее работу, осуществляет общий контроль над реализацией ее решений, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      12. Секретарем Комиссии определяется должностное лицо со статусом не ниже руководящей должности структурного подразделения уполномоченного органа по вопросам орфографии.

      13. Заседания Комиссии проводятся в соответствии с планом работы, который утверждается ее председателем.

      14. Заседания Комиссии считаются правомочными, если на них присутствует более половины от общего числа членов Комиссии.

      15. Секретарь Комиссии обеспечивает разработку плана работы Комиссии, оформляет протоколы заседаний, также за три рабочих дня до запланированной даты проведения заседания направляет в цифровом формате приглашение, повестку и необходимые материалы.

      16. Рабочий орган Комиссии осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Комиссии.

      17. Заседания Комиссии проводятся в режиме офлайн и/или с использованием доступных онлайн-сервисов.

      При смешанном режиме используется очный формат с одновременным использованием доступных онлайн-сервисов.

      18. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества принявших участие на заседании членов Комиссии.

      Члены Комиссии обладают равными голосами при принятии решения. В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель Комиссии. Голосование проводится путем заполнения на заседании Комиссии листа голосования в соответствии с приложением к настоящему положению.

      При проведении заседания в онлайн или смешанном режимах члены Комиссии заполненные листы голосования в течение двух рабочих дней направляют в служебную электронную почту рабочего органа Комиссии tilkomiteti01@gmail.com.

      19. В течение трех рабочих дней председатель подписывает протокол, который регистрируется секретарем и рассылается членам Комиссии.

      20. Учет и хранение материалов и протокольных решений Комиссии с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган Комиссии.