"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына және 19-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2024 жылғы 7 маусымдағы №16-04/05-4040 хаттамалық тапсырмасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Республикалық орфография комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Нұрбек |
Республикалық орфография комиссиясы туралы ережеге қосымша |
Республикалық орфография комиссиясы мүшелерінің ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ _______________________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
№ отырыс
күні:
Мәселе № | Мәселенің мазмұны | Шешім жобасы | Комиссия мүшесінің шешімі | ||||
қолдаймын | қолдамаймын | пысықталсын | күн тәртібінен алып тасталсын | ескертпе (егер шешімді қолдаса, толтырылмайды) | |||
1. |
____________________ қолы
Ескертпе: тікелей комиссияның отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 468 бұйрығына 1-қосымша |
Республикалық орфография комиссиясының құрамы
1. | Төраға | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі; |
2. | Төрағаның орынбасары | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы; |
3. | Хатшы | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Лингвистикалық жұмыс басқармасының басшысы; |
4. |
Аитова | "М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті" акционерлік қоғамының доценті, филология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша); |
5. |
Алдаш | "А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы; |
6. |
Базарбаева | "А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы; |
7. |
Ерғалиев | "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты; |
8. |
Ермекова | "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы; |
9. |
Жақыпов | "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы; |
10. |
Жалмаханов | "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы; |
11. |
Жұбаева | "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы; |
12. |
Қалыбаева | "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы; |
13. |
Қапалбек | "Мемлекеттік тілді дамыту институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша); |
14. |
Күдеринова | "А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы; |
15. |
Қарымбаева | "М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Журналистика және филология" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты; |
16. |
Маралбек | "А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ахметтану бөлімінің басшысы, "Лингвистика" мамандығы бойынша философия докторы (PhD); |
17. |
Момынова | "А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы; |
18. |
Нұрдәулетова | "Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы; |
19. |
Оспанов | "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты; |
20. |
Оспанова | "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Терминология" бөлімі басшысының міндетін атқарушы, "Филология" мамандығы бойынша философия докторы (PhD); |
21. |
Салқынбай | "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы; |
22. |
Сәрсенбай | "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының аға оқытушысы, "Қазақ филологиясы" мамандығы бойынша философия докторы (PhD); |
23. |
Таласпаева | "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты; |
24. |
Фазылжанова | "А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, филология ғылымдарының кандидаты. |
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 468 бұйрығына 2-қосымша |
Республикалық орфография комиссиясы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Республикалық орфография комиссиясы туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Республикалық орфография комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) –Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Комиссия өз қызметінде:
сөзжасамда, оның ішінде шеттілдік сөздерді игеріп жазуда фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі-тарихи принциптерді сақтау;
қазіргі кезеңге дейін жазу тәжірибесінде қалыптасқан базалық нормаларды сақтау;
қазақ тілінің үндестік заңын сақтау;
сөздерді жазуда бірізділікті сақтау;
тыныс белгілерін қоюда бірізділікті сақтау;
сөздердің жазылуын ықшамдау;
сөздік қордың көлемін кеңейту, жаңартып, жетілдіріп отыру;
жиі қолданылатын (актив лексика) және қолданыстан шығып бара жатқан (пассив лексика) сөздерді саралау принциптерін ұстанады.
5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
6. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына екі реттен кем емес.
2-тарау. Комиссияның міндеттері
7. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) қазақ тілінің орфография ережесi, сөздердің айтылуы және тыныс белгілерінің қойылуы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;
2) қазақ тілінің емле ережесінің жобасын тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсыну;
3) қазақ тілінің сөздіктерін құрастыруға және басып шығару кезеңділігіне қойылатын талаптарды әзірлеу;
4) қазақ тілінің сөздіктері мен анықтамалықтарының тізімін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) қазақ тілі сөздіктерінің, анықтамалық құралдардың жобаларын келіп түскен жағдайда орфография нормаларына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
6) бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әріп арқылы беру мәселелері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
7) Комиссия жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет және әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу.
3-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
8. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Комиссия мүшелерінің саны тақ болады.
9. Комиссияны уәкілетті органның вице-министрінен төмен емес мәртебесі бар лауазымды тұлға басқарады.
10. Комиссияның дербес құрамын уәкілетті органның Министрі бекітеді.
Комиссияның құрамына ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының лингвист-ғалымдары олардың келісімі бойынша енгізіледі.
Комиссия мүшелері өздерінің қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.
11. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
12. Комиссияның хатшысы ретінде уәкілетті органның орфография мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің басшылық лауазымынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.
13. Комиссияның отырыстары оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi.
14. Комиссияның отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
15. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыстардың хаттамаларын ресімдейді, сондай-ақ отырыс өткізу жоспарланған күнге дейін үш жұмыс күні қалғанда Комиссия мүшелеріне шақыруды, күн тәртібін және қажетті материалдарды цифрлық форматта жібереді.
16. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
17. Комиссия отырыстары офлайн режімде және/немесе қолжетімді онлайн-сервистер пайдаланыла отырып өткізіледі.
Аралас режімде қолжетімді онлайн-сервистер бір мезгілде қолданылатын бетпе-бет формат пайдаланылады.
18. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында осы ережеге қосымшаға сәйкес дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі.
Отырыс онлайн немесе аралас режімде өткізілгенде, Комиссия мүшелері толтырылған дауыс беру парақтарын екі жұмыс күні ішінде Комиссия жұмыс органының tilkomiteti01@gmail.com қызметтік электрондық поштасына жолдайды.
19. Төраға үш жұмыс күні ішінде хаттамаға қол қояды, оны хатшы тіркейді және Комиссия мүшелеріне жібереді.
20. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.