Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғылыми-техникалық кеңес туралы Ережені бекіту туралы және "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 493 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 24 қазандағы № 382 бұйрығы

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңес туралы Ереже бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 493 бұйрығы;

      2) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 493 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 2 мамырдағы № 183 бұйрығы.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
Ә. Жамауов

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің м.а.
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 382 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңның 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі - ҒТК) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

      3. ҒТК Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) басым бағыттары жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ Министрліктің реттелетін салаларындағы ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында құрылады.

      4. ҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2-тарау. ҒТК негізгі міндеттері мен функциялары

      5. ҒТК қызметі келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

      1) ғылым және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға ұсыныстар әзірлеу және жәрдемдесу;

      2) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы заңнамалық актілерін жетілдіру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) жер қойнауын пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау;

      5) жер қойнауын пайдаланушылар ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға жіберетін қаражатты аудару мен бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу және шараларды іске асыру.

      6) ұсыныстар әзірлеу және салалық ғылыми ұйымдарды дамытуға және технологиялық және инновациялық қызметті ұйымдастыруға қатысу.

      6. Оған жүктелген міндеттерге сәйкес ҒТК келесі функцияларды орындайды:

      1) Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми зерттеулерді, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒЗТКЖ және технологиялық жұмыстарды, сондай-ақ ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі - ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру мәселелері туралы:

      Министрліктің ғылыми-техникалық және ғылыми-технологиялық міндеттері мен бағдарламаларын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын іске асыру мақсатында мамандандырылған бағыттарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді;

      бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған техникалық шарттарды әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді;

      жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін қаржыландыру нысандары мен көлемдерін айқындау үшін ғылым саласындағы уәкілетті органға жіберілген өтініштерді қарайды;

      ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығы, ғылыми-техникалық деңгейі, перспективалары, даму дәрежесі, қаржыландырудың сұралатын көлемінің экономикалық орындылығы жөніндегі ұсынымдарды қарайды және әзірлейді;

      2) мемлекеттік технологиялық саясат және инновацияны мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері бойынша:

      мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      технологиялық дамудың басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      елді инновациялық-технологиялық дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      инновациялық жүйені және инновацияларды мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      салалық салалардағы мемлекеттік технологиялық саясат бойынша ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;

      негізгі (басымдық) технологияларды, технологиялық құзыреттің салалық орталықтарын, мақсатты технологиялық бағдарламаларды және салалардағы технологиялық платформаларды ұйымдастыруды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді.

      технологияларды іздеу жүйесін қалыптастыру және дамыту, оларды анықтау және нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау, одан әрі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұсыныстар әзірлейді.

      3) ғылым мен техниканы қолдауға және дамытуға пайдалы қазбаларды өндіру шығынының 1% (бір пайызы) мөлшерінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 129-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 178-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 212-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар қаражатынан қаржыландыру мәселелері бойынша:

      Министрліктің реттелетін салаларында ғылыми зерттеулер мен цифрландыру жобаларын жүргізу үшін басым салалық бағыттардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыру және оны өзектендіру;

      жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған ғылыми зерттеулер бағдарламаларын және цифрландыру жобаларын қарау және келісу;

      орындалған ғылыми зерттеулер мен цифрландыру жобаларының нәтижелері бойынша оларды одан әрі пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған ғылыми зерттеулер бағдарламалары мен цифрландыру жобаларының орындалу барысы туралы аралық және/немесе қорытынды есептерді қарау және қабылдауға ұсыныс беру;

      жер қойнауын пайдаланушыларға ҒЗТКЖ жүргізу және алынған нәтижелерді кейіннен Қазақстан Республикасының аумағында енгізу үшін шетелдік өнім берушілерді тартуға қатысты мәселелерді қарастырады және келіседі.

      4) Министрліктің міндеттерін орындау шеңберіндегі өзге де мәселелер:

      ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын қарайды және келіседі;

      ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік қызметі туралы есептерді тыңдауға;

      ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдар басшылығының бос лауазымына кандидаттарды қарайды және бекітеді;

      ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен, жоғары оқу орындарымен, жер қойнауын пайдаланушылармен, кәсіпкерлермен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жоғары технологиялық өнімді және (немесе) өндіретін бірлескен кәсіпорындар құру мақсатында ынтымақтастық мәселелерін қарайды. жаңа технологияларды енгізу;

      Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласында;

      Министрліктің бірінші басшысының тапсырмасы бойынша тиісті ұсынымдар әзірлей отырып, басқа да мәселелерді қарайды.

3-тарау. ҒТК қызметін ұйымдастыру

      7. ҒТК құрамын Министрлік мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ заңды тұлғалармен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып қалыптастырады және Министрліктің бірінші басшысы бекітеді.

      8. ҒТК төрағадан, екі орынбасардан, тұрақты мүшелерден және тәуелсіз сарапшылардан тұрады. ҒТК құрамына салалар бойынша жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдар мен даму институттарының, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық холдингтер мен компаниялардың өкілдері, ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, жер қойнауын пайдаланушылардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.

      9. ҒТК құрамын қалыптастыру үшін министрлікке кандидаттың түйіндемесі осы Ереженің 10 және 11-тармақтарының талаптарына кандидаттың сәйкестігін растайтын мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жіберіледі.

      10. ҒТК құрамына сайланатын ғалымдар:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс;

      2) ҒТК құрамы қалыптасқан күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын немесе шетелдік ғылыми ұйымдарда немесе ЖООКББҰ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын ғылым докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы;

      3) Министрліктің реттелетін салаларында ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 (бес) жыл болуы тиіс.

      11. ҒТК құрамының жетпіс пайызы (70 %) 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлерден және (немесе) сарапшылардан тұрады:

      1) мемлекеттік органдардан;

      2) Министрліктің реттелетін салаларында тиісті ұйымдар ұсынған ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың;

      3) ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, жер қойнауын пайдаланушылардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдерінен;

      4) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің жұмыскерлерінен және (немесе) сарапшыларынан қалыптастырылады.

      12. ҒТҚ тұрақты ҒТҚ мүшелерінен және тәуелсіз сарапшылардан тұрады:

      1) ҒТҚ мүшелері ҰТҚ отырыстарына дауыс беру құқығымен тұрақты негізде қатысады;

      2) ҒТК тәуелсіз сарапшылары ҒТК Төрағасының немесе оны алмастыратын адамның шақыруы бойынша қаралатын мәселе бойынша ұсынымдар және (немесе) ерекше пікір білдіру құқығымен олардың қызмет бағыттарына қатысты мәселелер бойынша дауыс беру құқығынсыз ҒТК отырыстарына қатысады.

      13. ҒТК төрағасы мен оның екі орынбасарын ҒТК мүшелері ҒТК мүшелерінің арасынан ҒТК бірінші отырысында ашық дауыс беру арқылы сайлайды.

      14. ҒТК төрағасы:

      1) отырыстарда төрағалық етеді және оның қызметіне басшылық жасайды;

      2) даулы мәселелерді талқылауда алқалылықты қамтамасыз етеді,

      3) ҒТК отырыстарын өткізудің күн тәртібін, күнін, уақытын, орнын және нысанын айқындайды;

      4) ҒТК отырыстарының хаттамаларына қол қояды;

      5) ҒТК шешімдерінің іске асырылуына жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.

      15. Төрағаның болмау мерзімінде оның функцияларын төраға орынбасары атқарады.

      16. ҒТК құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және мүшелерінің саны 9 (тоғыз) және 25 (жиырма бес) адамнан тақ саннан құралады.

      17. ҒТК жұмысын Жұмыс органы ұйымдастырады. "Қазақстан Республикасы отын-энергетика кешенінің ахуалдық-талдау орталығы" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – жұмыс органы) Министрліктің қарауындағы ұйым ҒТК жұмыс органы болып табылады.

      18. Жұмыс органы ҒТК қызметін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады:

      1) ҒТК ұйымдастырушылық-техникалық жұмысын қамтамасыз етуді;

      2) жыл сайынғы негізде ҒТК мүшелерінен Тізбені қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жинауды;

      3) отырыс өткізілгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын ҒТК мүшелеріне жіберілетін материалдарды дайындауды;

      4) ҒТК жұмысы туралы жоспарлар мен есептер жасайды және орындалуын үйлестіруді;

      5) ҒТК отырыстарына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін шақыруды (келісім бойынша);

      6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуды (келісім бойынша) жүзеге асырады.

      19. Жұмыс органының лауазымды адамы болып табылатын ҒТК хатшысы:

      1) ҒТК отырыстарға материалдарды дайындауды, жинауды және жүйелеуді;

      2) ҒТК мүшелеріне және шақырылған адамдарға ҒТК отырыстарын өткізу туралы хабарламаларды уақтылы жіберуді;

      3) отырыстардың күн тәртібін әзірлеуді, отырыстарды хаттамалауды;

      4) ҒТК шешімдерінің жобаларын дайындауды және отырыстардан кейін хаттамаларды ресімдеуді жүзеге асырады.

      20. ҒТК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

      21. ҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ҒТК-нің отырысына қатысқан мүшелердің жалпы санының 2/3-і дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болғанда, шешуші Төрағаның дауысы болады. Хатшы ҒТК мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді. Дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша ҒТК мүшелері мен тәуелсіз сарапшылардың ерекше пікірі болған жағдайда, Хатшы хаттамаға тиісті жазба енгізеді.

      22. ҒТК жұмысы күндізгі және сырттай отырыстар нысанында жүзеге асырылады. ҒТК отырыстары Министрліктің интернет-ресурсында онлайн-трансляциямен өтеді. Отырыстың хаттамалары, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды, есептер, актілер Министрлікке беріледі және "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес сақталады.

      23 ҒТК шешімдері хаттамамен рәсімделеді және оған Төраға, ҒТК мүшелері мен Хатшы қол қояды. Хаттамалардың көшірмелері ҒТК мүшелеріне жіберіледі.

      24. ҒТК жұмыс органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Министрлікке және ғылым саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнің қорытындылары бойынша ҒТК жұмысы туралы ақпарат ұсынады.

Об утверждении Положения о научно-техническом совете Министерства энергетики Республики Казахстан и признании утратившим силу приказа Министра энергетики Республики Казахстан от 29 декабря 2023 года № 493 "О создании Научно-технического совета по рассмотрению проектов научно-исследовательских, научно-технических и опытно-конструкторских работ Министерства энергетики Республики Казахстан"

Приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 24 октября 2024 года № 382

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о научно-техническом совете Министерства энергетики Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 29 декабря 2023 года № 493 "О создании Научно-технического совета по рассмотрению проектов научно-исследовательских, научно-технических и опытно-конструкторских работ Министерства энергетики Республики Казахстан";

      2) приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 2 мая 2024 года № 183 "О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 29 декабря 2023 года № 493 "О создании Научно-технического совета по рассмотрению проектов научно-исследовательских, научно-технических и опытно-конструкторских работ Министерства энергетики Республики Казахстан".

      3. Департаменту цифровизации Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после подписания настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра энергетики Республики Казахстан
А. Жамауов

  Утверждено приказом
И.о. Министра энергетики
Республики Казахстан
от 24 октября 2024 года № 382

Положение о научно-техническом совете Министерства энергетики Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о научно-техническом совете Министерства энергетики Республики Казахстан (далее – Положение) разработано в соответствии с подпунктом 3) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике".

      2. Настоящее Положение определяет правовые и организационные основы деятельности научно-технического совета Министерства энергетики Республики Казахстан (далее – НТС).

      3. НТС является консультативно-совещательным органом при Министерстве энергетики Республики Казахстан (далее – Министерство) и создается в целях выработки предложений и рекомендаций по приоритетным направлениям научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ (далее – НИОКР), а также оценки научно-технических проектов и программ в регулируемых сферах Министерства.

      4. В своей деятельности НТС руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

Глава 2. Основные задачи и функции НТС

      5. Деятельность НТС направлена на решение следующих основных задач:

      1) разработка предложений и содействие в реализации государственной политики в области науки и научно-технической, технологической и инновационной деятельности, коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности;

      2) выработка предложений по формированию реализации научно-технических проектов и программ;

      3) выработка предложений по совершенствованию законодательных актов Республики Казахстан в области научной и научно-технической, технологической и инновационной деятельности, коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности;

      4) рассмотрение проектов научно-исследовательских, научно-технических и опытно-конструкторских работ в регулируемых сферах Министерства;

      5) разработка предложений и реализация мер по обеспечению прозрачности отчислений и распределений средств, направляемых недропользователями на финансирование научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ.

      6) выработка предложений и участие в развитии отраслевых научных организаций и организации технологической и инновационной деятельности.

      6. В соответствии с возложенными на него задачами, НТС выполняет следующие функции:

      1) по вопросам финансирования научных исследований, научных, научно-технических проектов и программ, НИОКР и технологических работ, а также проектов коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности (далее – РННТД) из средств государственного бюджета:

      вырабатывает предложения по формированию научно-технических и научно-технологических задач и программ Министерства;

      вырабатывает предложения по формированию специализированных направлений в целях реализации приоритетных направлений научной, научно-технической деятельности;

      вырабатывает предложения при разработке конкурсных документаций по грантовому и программно-целевому финансированию проектов и программ, а также проектов по коммерциализации РННТД;

      вырабатывает предложения при разработке технических заданий по программно-целевому финансированию;

      рассматривает заявки, направляемые в уполномоченный орган в области науки для определения форм и объемов финансирования, выделяемых для реализации проектов и программ;

      рассматривает и вырабатывает рекомендации научной новизны, научно-технического уровня, перспективности, степени разработанности предлагаемых научных, научно-технических проектов и программ, экономической обоснованности запрашиваемого объема финансирования;

      2) по вопросам государственной технологической политике и мерам государственной поддержке инновационной деятельности:

      разрабатывает предложения по основным направлениям государственной технологической политики;

      вырабатывает предложения по определению приоритетов технологического развития и основных направлений государственной технологической политики;

      вырабатывает рекомендации по вопросам инновационного и технологического развития страны;

      вырабатывает предложения по совершенствованию инновационной системы и деятельности субъектов инновационной системы, участвующих в государственной поддержке инновационной деятельности;

      рассматривает и вырабатывает предложения по государственной технологической политики по отраслевым направлениям;

      вырабатывает предложения по определению ключевых (приоритетных) технологий, отраслевых центров технологических компетенций, целевых технологических программ и организации технологических платформ в отраслях;

      вырабатывает предложения по формированию и развитию системы поиска технологий, их идентификации и оказания содействия в их продвижении на рынок;

      вырабатывает предложения по определению приоритетных направлений предоставления инновационных грантов, для дальнейшего предоставления в уполномоченный орган в области государственной поддержки инновационной деятельности.

      3) по вопросам финансирования из средств недропользователей в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 129, подпунктом 2) пункта 1 статьи 178 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 212 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" в размере 1% (одного процента) от затрат на добычу полезных ископаемых на поддержку и развитие науки и технологий:

      формирование перечня приоритетных отраслевых направлений (далее - Перечень) для проведения научных исследований и проектов цифровизации в регулируемых сферах Министерства и его актуализация;

      рассмотрение и согласование программ научных исследований и проектов цифровизации, представленных недропользователями;

      выработка рекомендаций по дальнейшему их использованию выполненных научных исследований и проектов цифровизации;

      рассмотрение и рекомендация к принятию промежуточных и/или итоговых отчетов о ходе исполнения программ научных исследований и проектов цифровизации, представленных недропользователями;

      рассматривает и согласовывает вопросы недропользователей на привлечение иностранных поставщиков для проведения НИОКР и последующего внедрения полученных результатов на территории Республики Казахстан.

      4) иные вопросы в рамках выполнения задач Министерства:

      рассматривает и согласовывает стратегические и программные документы подведомственных научных организаций;

      заслушивает отчеты о научной, научно-технической и производственной деятельности подведомственных научных организаций;

      рассматривает вопросы сотрудничества с субъектами научной и (или) научно-технической деятельности, высшими учебными заведениями, недропользователями, предпринимателями, субъектами квазигосударственного сектора с целью создания совместных производств, осуществляющих выпуск высокотехнологичной продукции и (или) внедрение новых технологий;

      рассматривает и вырабатывает предложения по совершенствованию нормативных правовых актов Республики Казахстан в области научной и научно-технической, технологической и инновационной деятельности, коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности, а также в регулируемых сферах Министерства;

      рассматривает другие вопросы с выработкой соответствующих рекомендаций по поручению первого руководителя Министерства.

Глава 3. Организация деятельности НТС

      7. Состав НТС формируется Министерством с учетом предложений и рекомендаций государственных органов, научного сообщества и субъектов частного предпринимательства, а также юридическими лицами, в том числе недропользователями, и утверждается первым руководителем Министерства.

      8. НТС состоит из Председателя, двух заместителей, постоянных членов и независимых экспертов. В состав НТС входят ведущие ученые по отраслям, представители государственных органов и институтов развития, Национальной палаты предпринимателей "Атамекен", национальных холдингов и компаний, члены национальных научных советов, отраслевых ассоциаций субъектов частного предпринимательства, недропользователей, а также профильных научных организаций, являющихся субъектами научной и (или) научно-технической деятельности.

      9. Для формирования состава НТС в Министерство направляются резюме кандидата в произвольной форме с указанием сведений, подтверждающих соответствие кандидата требованиям пунктам 10 и 11 настоящего Положения.

      10. В состав НТС избираются ученые:

      1) являющиеся гражданами Республики Казахстан;

      2) имеющие степень доктора (PhD), доктора по профилю, доктора или кандидата наук, являющиеся работниками аккредитованных субъектов научной и (или) научно-технической деятельности в течение 3 (трех) лет до даты формирования состава НТС или занимающиеся научной и (или) научно-технической деятельностью в зарубежных научных организациях или научных организациях и организациях высшего и (или) послевузовского образования;

      3) имеющие стаж научно-исследовательской и (или) научно-педагогической работы в регулируемых сферах Министерства 5 (пять) лет.

      11. Семьдесят процентов (70 %) от состава НТС состоит из работников и (или) экспертов, имеющих стаж работы 5 (пять) лет:

      1) государственных органах;

      2) национальных управляющих холдингов, национальных институтов развития, национальных холдингов, национальных компаний, рекомендованных соответствующими организациями в регулируемых сферах Министерства;

      3) члены национальных научных советов, отраслевых ассоциаций субъектов частного предпринимательства, недропользователей, профильных научных организаций, являющихся субъектами научной и (или) научно-технической деятельности.

      4) субъектов частного предпринимательства и их объединений, рекомендованных Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен".

      12. НТС состоит из постоянных членов НТС и независимых экспертов:

      1) члены НТС участвуют на заседаниях НТС на постоянной основе с правом голоса;

      2) независимые эксперты НТС по приглашению Председателя НТС или заменяющего его лица принимают участие в заседаниях НТС без права голоса, по вопросам, касающимся их направлений деятельности с правом представления рекомендаций и (или) особого мнения по рассматриваемому вопросу.

      13. Председатель НТС и его два заместителя избираются членами НТС из числа членов НТС посредством открытого голосования на первом заседании НТС.

      14. Председатель НТС:

      1) председательствует на заседаниях и руководит его деятельностью;

      2) обеспечивает коллегиальность в обсуждении спорных вопросов;

      3) определяет повестку дня, дату, время, место и форму проведения заседаний НТС;

      4) подписывает протоколы заседаний НТС;

      5) осуществляет общую координацию над реализацией решений НТС.

      15. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      16. Состав НТС утверждается сроком на 3 (три) года и состоит из нечетного числа членов в количестве 9 (девять) и 25 (двадцать пять) человек.

      17. Работу НТС организует Рабочий орган. Рабочим органом НТС является организация, находящаяся в ведении Министерства акционерное общество "Ситуационно-аналитический центр топливно-энергетического комплекса Республики Казахстан" (далее – Рабочий орган).

      18. Рабочий орган в целях обеспечения деятельности НТС осуществляет:

      1) организационно-техническое обеспечение работы НТС;

      2) сбор предложений по формированию Перечня от членов НТС на ежегодной основе;

      3) сбор материалов, направляемых членам НТС за 5 (пять) рабочих дней до проведения заседания;

      4) составление и координация выполнения планов и отчетов о работе НТС.

      5) приглашает на заседания НТС представителей государственных органов и организаций (по согласованию);

      6) запрашивает необходимую информацию от государственных органов и организаций (по согласованию).

      19. Секретарь, являющийся должностным лицом рабочего органа НТС, осуществляет:

      1) подготовку, сбор и систематизацию материалов к заседаниям;

      2) своевременное направление членам НТС и приглашенным лицам уведомлений о проведении заседаний НТС;

      3) формирование повестки дня заседаний, протоколирование заседаний;

      4) подготовку проектов решений НТС и оформление протоколов после заседаний.

      20. Заседания НТС проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал.

      21. Решения НТС принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано 2/3 голосов от общего количества членов, присутствующих на заседании НТС. При равенстве голосов решающим является голос Председателя. Секретарь не является членом НТС и не голосует при принятии решений. При наличии у членов НТС и независимых экспертов особого мнения по вынесенному на голосовании вопросу, Секретарь вносит в протокол соответствующую запись.

      22. Работа НТС осуществляется в форме проведения очных и заочных заседаний. Заседания НТС могут проводится с использованием инфокоммуникационных технологий и систем связи Министерства. Протоколы заседания, материалы по вопросам повестки дня, отчеты, акты передаются в Министерство и хранятся в соответствии с приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 25 августа 2023 года № 236 "Об утверждении Правил документирования, управления документацией и использования систем электронного документооборота в государственных и негосударственных организациях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33339).

      23. Решение НТС оформляется протоколом и подписывается Председателем, членами НТС и Секретарем. Копии протоколов рассылаются членам НТС.

      24. Рабочий орган НТС ежегодно, не позднее 20 числа месяца следующего за отчетным годом, представляет в Министерство и в уполномоченный орган в области науки информацию о работе НТС по итогам отчетного периода.