"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 тамыздағы №15-4-1/400 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы, Угар ауылдық округі, Ақбұлақ елді мекенінде орналасқан "Бірлік" шаруа қожалығының жайылымы аумағында белгіленген "Жылқы ринопневмония" ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Қарқаралы ауданы, Угар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Угар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы | Н.Капитан |