Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 2 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 тамыздағы №15-4-1/400 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы, Угар ауылдық округі, Ақбұлақ елді мекенінде орналасқан "Бірлік" шаруа қожалығының жайылымы аумағында белгіленген "Жылқы ринопневмония" ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Қарқаралы ауданы, Угар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Угар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Н.Капитан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады