Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 1 шешімі. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің әкімінің 26.08.2024 № 2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2024 жылғы 12 маусымдағы №15-4-1/312 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. "Жылқы ринопневмония" ауруының шығуына байланысты Қарқаралы ауданы, Угар ауылдық округі, Ақбұлақ елді мекенінде орналасқан "Бірлік" шаруа қожалығының жайылымы аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Угар ауылдық округінің әкімі Ж. Акимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады