"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 4-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 26-НҚ бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 129-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 05.08.2024 № 129-НҚ бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2023 жылғы 6 қарашадағы №4-Ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нұржігітов

О внесении изменений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 6 октября 2023 года № 4-Ө "Об утверждении Положения о Комитете водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан"

Приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 7 февраля 2024 года № 26-НҚ. Отменен приказом Министра водных ресурсов и ирригации РК от 05.08.2024 № 129-НҚ.

      Сноска. Отменен приказом Министра водных ресурсов и ирригации РК от 05.08.2024 № 129-НҚ.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. В приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 6 октября 2023 года №4-Ө "Об утверждении положения о Комитете водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан внести следующие изменения:

      в Положении о Комитете водного хозяйства Министерства водных ресурсов и иригации Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      перечень организаций, находящихся в ведении Комитета водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан изложить в следующей редакции:

      "Перечень организаций, находящихся в ведении Комитета водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан

      Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Казводхоз" Комитета водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан.".

      2. Комитету водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня подписания.

      Министр водных ресурсов и ирригации
Республики Казахстан
Н. Нуржигитов