Ескерту. Күші жойылды – ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 05.08.2024 № 129-НҚ бұйрығымен.
1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2023 жылғы 6 қарашадағы №4-Ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нұржігітов |