Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің м.а. 12.06.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 15-12/68 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі Докучаев ауылының "Атамекен-Агро-Тимирязево" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | С. Розумов |