Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің м.а. 2024 жылғы 12 маусымдағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 10 маусымдағы № 15-12/99 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі Докучаев ауылының "Атамекен-Агро-Тимирязево" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195628 болып тіркелген) № 4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімінің м.а. Б. Жақсыбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады