Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 4 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің м.а. 2024 жылғы 12 маусымдағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің м.а. 12.06.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 15-12/68 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі Докучаев ауылының "Атамекен-Агро-Тимирязево" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі С. Розумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады