"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | C. Шәпкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 37 қаулысына қосымша |
2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№ п/п | Тауар атауы | Бағасы, теңге |
1 | Бірінші сортты бидай ұны, килограмм | 256 |
2 | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм | 257 |
3 | Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм | 459 |
4 | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеп салынатын), килограмм | 474 |
5 | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм | 620 |
6 | Картоп, килограмм | 200 |
7 | Асханалық сәбіз, килограмм | 219 |
8 | Басты пияз, килограмм | 178 |
9 | Ақ қауынды қырыққабат, килограмм | 220 |
10 | Ақ қант - құмшекер, килограмм | 511 |
11 | Күнбағыс майы, литр | 883 |
12 | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм | 3030 |
13 | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі), килограмм | 1437 |
14 | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм | 4798 |
15 | Тауық жұмыртқасы (I-санатты), ондық | 613 |
16 | Ас тұзы ("Экстра" - дан басқа), килограмм | 98 |
17 | Сүзбе майлылығы 5-9%, килограмм | 1984 |