2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 37 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі C. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 37 қаулысына қосымша

2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

№ п/п

Тауар атауы

Бағасы, теңге

1

Бірінші сортты бидай ұны, килограмм

256

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм

257

3

Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм

459

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеп салынатын), килограмм

474

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм

620

6

Картоп, килограмм

200

7

Асханалық сәбіз, килограмм

219

8

Басты пияз, килограмм

178

9

Ақ қауынды қырыққабат, килограмм

220

10

Ақ қант - құмшекер, килограмм

511

11

Күнбағыс майы, литр

883

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм

3030

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі), килограмм

1437

14

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм

4798

15

Тауық жұмыртқасы (I-санатты), ондық

613

16

Ас тұзы ("Экстра" - дан басқа), килограмм

98

17

Сүзбе майлылығы 5-9%, килограмм

1984


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады