Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
1) 6-бөлім алып тасталсын;
2) келесі мазмұндағы "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын:
"Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1. "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |