"Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 81 "Атырау облысының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      2, 3 және 6-тармақтар алынып тасталсын.

      3. "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2023 жылғы "18" шілдедегі
№ 130 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2023 жылғы "18" шілдедегі
№ 130 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) облыс аумағында кәсіпкерлікті дамыту және негізгі бағыттарды қолдау, сауда, өнеркәсіп, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестицияларды тарту және әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының бағасы мониторингін жүргізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.

      9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) Кәсіпкерлікті, сауданы, азық-түлік қауіпсіздігі мониторингі;

      2) сауда мәселелерінде шаруашылық жүргізуші субьектілерді, кәсіпкерлерді, жеке тұлғаларды ақпараттандыру;

      3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      4) шағын және орта бизнес субъектілерін ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау;

      5) өңдеу өнеркәсібін дамуы үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды құру және дамыту;

      6) инновацияларды тиімді енгізуді және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;

      7) инвестициялық ахуалды жетілдіру және отандық тауарлардың экспорттық әлеуетін дамыту;

      8) өз өндірісін дамыту арқылы импортқа тәуелділікті қысқарту;

      9) ұлттық экономикаға инвестициялар тартуды ынталандыратын реттеуші ортаны және инновациялық қызметке қолайлы экожүйе қалыптастыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1) Атырау облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, мекемелермен және ұйымдармен өз кұзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар мен жиналыстар өткізу;

      3) белгіленген тәртіппен облыстың атқарушы органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мекемелер мен ұйымдардан Басқарманың өз құзырына жататын мәселелер жөніндегі өз функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу;

      4) белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу;

      5) бұқаралық ақпарат құралдарына Басқарманың қызметі туралы ақпарат беру;

      6) қажет болған жағдайда комиссиялар, кеңестер мен сарапшылар топтарын құру;

      7) белгіленген тәртіппен облыс әкіміне Басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар, шешімдер және өкімдер жобаларын енгізу;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарында, заңды тұлғаларында басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша. облыс әкімдігінің мүддесін білдіру;

      9) өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;

      10) тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

      11) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;

      2) міндеттері:

      1) өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;

      2) облыс әкімдігінің алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп беру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен белгіленген, сондай-ақ оған облыс әкімдігімен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

      4) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      5) Басқармаға жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      6) Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;

      14. Функциялары:

      1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді; реттеушілік әсерді талдаудың тұжырымдарымен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді;

      2) Бірыңғай есеп беру күнін ұйымдастыру және өткізу;

      3) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдау;

      4) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беру бойынша қағидалары;

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша қағидалары;

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру бойынша қағидалары;

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субьектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдіктер беру бойынша қағидалары;

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары;

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары;

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субьектілерінің бәсекеге қабылеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидаларымен көзделген аймақтық үйлестіруші функцияларын жүзеге асырады;

      5) Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңес жұмыстарын ұйымдастыру;

      6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту мақсатында жұмыстарын ұйымдастыру;

      7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту мақсатында жұмыстарын ұйымдастыру;

      8) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      9) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;

      10) электрондық сауданы дамыту;

      11) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;

      12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;

      13) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      14) агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;

      15) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      16) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, сондай-ақ инновацияларды дамыту жөніндегі индикаторларға қол жеткізу туралы ұсыныстар береді;

      17) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және және соған жауапты болады;

      18) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      19) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдау;

      20) жекеше индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келісу;

      21) ерекше индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, ерекше индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келісу;

      22) жалпы санының елу пайызынан кем емес кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен өңірлік үйлестіру кеңесін құру;

      23) индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын қоса алғанда, индустриялық аймақты құру жобаларын сараптау, сондай-ақ құрылатын индустриялық аймақ үшін инфрақұрылым салу кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;

      24) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобаларын әзірлеу;

      25) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын тарту;

      26) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасасу;

      27) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдау;

      28) тиісті аумақта ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      29) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсету, оларды қоса қаржыландыруға қатысу;

      30) жоғары технологиялық өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологиялар ендіруді жүзеге асыратын бірлескен өндірістерді құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      31) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикалық қолдану) болатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысу;

      32) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз етуге қатысу;

      33) өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      34) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;

      35) тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесіне сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде береді;

      36) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты береді;

      37) индустриялық даму бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысады;

      38) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетеді;

      39) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асырады және тоқсан сайын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат береді;

      40) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-иммигранттарға уақытша тұруға арналған рұқсаттардың қолданылу мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат береді.

      41) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      42) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, сотта және басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      9) заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      20. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      Ескерту. 6 - бөлім алып тасталды - Атырау облысы әкімдігінің 27.02.2024 № 45 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      Ескерту. Ереже тізбемен толықтырылды – Атырау облысы әкімдігінің 27.02.2024 № 45 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады