Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 45 қаулысы

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      1) 6-бөлім алып тасталсын;

      2) келесі мазмұндағы "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын:

      "Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады