Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 23.08.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы басшысы 2024 жылғы 5 шілдедегі №08-02-07/315 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
1. Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді-мекені Егемендік көшесі №13 мекен жайдағы үйде тұратын О.Буленовтың 1 (бір) бас ірі қара малынан "бруцеллез" ауруы пайда болуына байланысты Буленов Оразбайдың жеке мал қорасына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
С.Спатаев |