Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 35 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 47 шешімі

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 21 тамыздағы №08-02-07/408 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

      1. Бруцеллез ауруы пайда болған жеке мал қора ошағында ауыл шаруашылығы жануарларын сауықтыру жұмыстары жүргізілуіне байланысты Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді мекені Егемендік көшесі №13 үйде тұратын Буленов Оразбайдың жеке мал қорасынан шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 35 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      С.Спатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады