Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 35 шешімі. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 47 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 23.08.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы басшысы 2024 жылғы 5 шілдедегі №08-02-07/315 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

      1. Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді-мекені Егемендік көшесі №13 мекен жайдағы үйде тұратын О.Буленовтың 1 (бір) бас ірі қара малынан "бруцеллез" ауруы пайда болуына байланысты Буленов Оразбайдың жеке мал қорасына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      С.Спатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады