Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 -1 - бабының 7- тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық нспекторының 2025 жылғы 24 ақпандағы № 02-13-03/30 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі Шұбарши ауылы Таушанбаз қыстағында орналасқан "Мәтжан" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көптоғай ауылдық округінің әкімі | Е Асылбаев |