Карантин белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 27 ақпандағы № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 -1 - бабының 7- тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық нспекторының 2025 жылғы 24 ақпандағы № 02-13-03/30 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі Шұбарши ауылы Таушанбаз қыстағында орналасқан "Мәтжан" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көптоғай ауылдық округінің әкімі Е Асылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады