Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 2-13-03/53 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан анықталған қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі Шұбарши ауылы Таушанбаз қыстағында орналасқан "Мәтжан" шаруа қожалығына белгіленген карантин алынсын.
2. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 27 ақпандағы "Карантинді белгілеу туралы" № 5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көптоғай ауылдық округінің әкімі | Е Асылбаев |