"Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Радиациялық бақылау" кәсіптік стандарты бектілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2025 жылғы 20 наурыздағы № 132-н/қ бұйрығына қосымша |
"Радиациялық бақылау" кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы:
Кәсіптік стандарт пайдаланушылар үшін: 1) қызметкерлер – саладағы мамандыққа қойылатын талаптарды түсіну, өз біліктілігін арттыруды және мансаптық ілгерілеуді жоспарлау үшін; 2) жұмыс берушілер – пайдаланылатын міндеттерді (еңбек функцияларын), қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды әзірлеу, персоналды жалдау және аттестаттау кезінде өлшемшарттарды қалыптастыру, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру, дамыту, ілгерілету және ротациялау бағдарламаларын жасау үшін; 3) сертификаттау және біліктілік беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (органдар) – персоналды сертификаттау кезінде бағалау материалдарын әзірлеу және сәйкестік деңгейі бойынша қызметкерлердің біліктілік өлшемшарттарын әзірлеу үшін қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) атом энергиясы пайдаланылатын объектілер – иондандырушы сәулелену көздері, радиоактивті қалдықтар және пайдаланылып болған ядролық отын, ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылар, сақтау және көму пункттері, көліктік қаптама комплектілері мен ядролық материалдар;
2) бақыланатын аймақ – бұл радиациялық бақылау, адамдарға жіберу және олардың тұруы жөнінде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ;
3) дозиметриялық бақылау – бұл адамдардың сәулелену дозаларын анықтау бойынша иондаушы сәулеленудің оларға әсер ету әсерін сандық бағалау мақсатында жүргізілетін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;
4) иондаушы сәулелену көздері – ортамен әрекеттескенде әртүрлі белгілердің иондарын құрайтын зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелену;
5) радиациялық бақылау – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес объектідегі, қоршаған ортадағы радиациялық жағдай туралы және адамдардың сәулелену деңгейлері туралы ақпарат алуы (дозиметриялық және радиометриялық бақылауды қамтиды);
6) радиациялық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген атом энергиясын пайдалану объектісінің қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;
7) радиациялық мониторинг – иондаушы сәулелену көздерiн пайдаланатын объектiлерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйiн жүйелi түрде байқап отыру;
8) радиоактивті заттар – құрамында радионуклидтер бар, кез келген агрегаттық жағдайдағы шығу тегі табиғи немесе техногендік кез келген материалдар;
9) радиометриялық аппаратура – радиациялық бақылау аспаптары;
10) радиометриялық бақылау – ауадағы, судағы радиоактивті заттардың иондаушы сәулеленуінің қарқындылығын және техниканың, адамдардың, ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының, басқа орталар мен беттердің радиоактивті ластану дәрежесін анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
11) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
1) БА – біліктілік анықтамалығы;
2) БТБА – бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
3) КС – кәсіптік стандарт;
4) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;
5) ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім беру;
6) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың төлқұжаты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: Радиациялық бақылау.
5. Кәсіптік стандарт коды: M72194054.
6. ЭҚЖЖ сәйкес секцияны, бөлімді, топты, сыныпты және кіші сыныпты көрсету:
M Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
72. Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер;
72.1. Жаратылыстану мен техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер;
72.19. Жаратылыстану мен техникалық ғылымдар саласындағы өзге де ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер;
72.19.4. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулер және тәжірибелік әзірлемелер.
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы:
Осы кәсіби стандарт біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздікпен айналысатын ұйымдарда кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған.
Осы кәсіби стандарттың негізінде ұйымдар өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктерін, олардың жауапкершілігін ескере отырып, еңбек функцияларының, білімдерінің, дағдыларының тізбесін нақтылай отырып, қызметкерлерге арналған Корпоративтік кәсіби стандарттарды ішкі қолдану үшін әзірлей алады.
Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: "Радиациялық бақылау" кәсіптік стандарты "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына және кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру жөніндегі қағидаларға сәйкес әзірленді.
Осы кәсіби стандартқа туынды лауазымдар енгізілмеген: басшылардың орынбасарлары, аға, жетекші және бас мамандар, олардың міндеттері, білімдері, іскерліктері мен дағдылары базалық лауазымдар негізінде айқындалады және ұйымдағы штаттық нормативтер мен кестелер негізінде белгіленеді. Аға, жетекші және бас мамандардың қажетті жұмыс өтіліне қойылатын талаптар I біліктілік санатындағы мамандар үшін көзделген талаптармен салыстырғанда 2-3 жылға артады. Технологиялық процесті жүргізу кезінде жекелеген кәсіптердің біліктілігі төмен деңгейлеріндегі жұмыстардың сипаттамаларына сәйкес біліктілігі анағұрлым жоғары мамандардың басшылығымен жүргізіледі. Мұндай жағдайларда біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар технологиялық процестерді жүргізуді немесе сол кәсіптің біліктілігі төмен деңгейдегі мамандардың жекелеген жұмыстарды орындауын ұйымдастыра алады. Біліктіліктің неғұрлым төмен деңгейлерінің сипаттамаларында келтірілген жұмыстар біліктіліктің неғұрлым жоғары деңгейлерінің сипаттамаларында көрсетілмеуі мүмкін. "Білім" бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімге қойылатын талаптармен қатар қызметкерлер: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіп пен нормаларды, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, экологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормаларды, қышқылға қарсы костюмдерді пайдалану тәртібін, жеке қорғану құралдарын пайдалану тәртібін, құралдарды тапсыруды және радиация деңгейін бақылаудан өтуді, жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру және ұстау тәртібін, ішкі еңбек тәртібін білуге тиіс.
8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:
1) Техник-дозиметрист - 4 СБШ-нің деңгейі;
2) Инженер-дозиметрист - 6 СБШ-нің деңгейі;
3) Қызмет бастығы (функционалды өзге де қызмет салаларында) – 6 СБШ-нің деңгейі.
3-тарау. Кәсіптер карточкалары
9. "Техник-дозиметрист" кәсібінің карточкасы | |||
Топтың коды: | 3111-1 | ||
Қызмет атауының коды: | 3111-1-002 | ||
Кәсіптің атауы: | Техник-дозиметрист | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 4 | ||
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі: | - | ||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: |
"Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелді). | ||
Кәсіптік білім деңгейі: |
Білім деңгейі: |
Мамандық: | Біліктілік: |
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: | Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. | ||
Формалды емес және информалы біліммен байланыс: | Жұмыс орнында нұсқама/тағылымдама; білім беру ұйымы базасында біліктілікті арттыру курстары немесе ұйымда (кәсіпорында) оқыту; "skills.enbek.kz" платформада кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қысқа мерзімді курстары. | ||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | 2133-9-009 - Қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі маман | ||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Тиісті дозиметриялық және радиометриялық аспаптардың көмегімен иондаушы сәулеленудің дозалары мен қуатын өлшеу процесін жүзеге асыру. | ||
Еңбек функциялардың сипаттамасы | |||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Кәсіпорындағы дозиметриялық, радиометриялық бақылау; | |
Қосымша еңбек функциялары: | - | ||
Еңбек функциясы 1: |
Дағды 1: |
Машықтар: | |
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Радиациялық (дозиметриялық, радиометриялық) бақылау саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар, куәліктер. | ||
Еңбек функциясы 2: |
Дағды 1: |
Машықтар: | |
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Радиациялық (дозиметриялық, радиометриялық) бақылау саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар, куәліктер. | ||
Еңбек функциясы 3: |
Дағды 1: |
Машықтар: | |
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Радиациялық (дозиметриялық, радиометриялық) бақылау саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар, куәліктер. | ||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: |
Бейімділік | ||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: |
"Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген); | ||
СБШ-нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ-нің деңгейі: | Кәсіптің атауы: | |
6 | "Инженер-дозиметрист" | ||
10. "Инженер-дозиметрист" кәсібінің карточкасы: | |||
Топтың коды: | 2143-1 | ||
Қызмет атауының коды: | 2143-1-012 | ||
Кәсіптің атауы: | Инженер-дозиметрист | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 6 | ||
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі: | |||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: |
"Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген). | ||
Кәсіптік білім деңгейі: |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: |
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: | Санаты жоқ инженер: жұмыс өтіліне немесе I санатты техник лауазымындағы жұмыс өтіліне талаптар қойылмай кемінде 3 жыл; II санатты инженер: санаты жоқ инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; I санатты инженер: II санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. | ||
Формалды емес және информалды біліммен байланыс: | Білім беру ұйымы базасында біліктілікті арттыру курстары немесе ұйымда (кәсіпорында) оқыту; "skills.enbek.kz" платформада кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қысқа мерзімді курстары. | ||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | 2133-9-009 - Қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі маман. | ||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Иондаушы сәулелену көздерін пайдаланатын кәсіпорындарды, мекемелерді, зертханаларды салу немесе реконструкциялау үшін алаңдарды таңдау және бөлу кезінде дозиметриялық талдау жүргізеді. | ||
Еңбек функциялардың сипаттамасы | |||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Кәсіпорындағы дозиметриялық, радиометриялық бақылау; | |
Қосымша еңбек функциялары: | - | ||
Еңбек функциясы 1: |
Дағды 1: |
Машықтар: | |
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Радиациялық (дозиметриялық, радиометриялық) бақылау саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар, куәліктер. | ||
Еңбек функциясы 2: |
Дағды 1: |
Машықтар: | |
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Радиациялық (дозиметриялық, радиометриялық) бақылау саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар, куәліктер, куәліктер. | ||
Дағды 2: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Радиациялық (дозиметриялық, радиометриялық) бақылау саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар, куәліктер, куәліктер. | ||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: |
Бейімділік | ||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: |
"Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген); | ||
СБШ-нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ-нің деңгейі: | Кәсіптің атауы: | |
6 | Радиациялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы. | ||
11. "Қызмет бастығы" (функционалды өзге де қызмет салаларында) кәсібінің карточкасы | |||
Топтың коды: | 1329-1 | ||
Қызмет атауының коды: | 1329-1-040 | ||
Кәсіптің атауы: | Қызмет бастығы (функционалды өзге де қызмет салаларында) | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 6 | ||
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі: | - | ||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: |
"Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген). | ||
Кәсіптік білім деңгейі: |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: |
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: | Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және радиациялық қауіпсіздік бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. | ||
Формалды емес және информалы біліммен байланыс: | Жұмыс орнында нұсқама/тағылымдама; білім беру ұйымы базасында біліктілікті арттыру курстары немесе ұйымда (кәсіпорында) оқыту; "skills.enbek.kz" платформада кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қысқа мерзімді курстары. | ||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | 1325-4-018 - Қызмет бастығы | ||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Ядролық материалдармен, иондаушы сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізу кезінде, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану объектілерінде зерттеулер (эксперименттер, сынақтар) жүргізу кезінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. | ||
Еңбек функциялардың сипаттамасы | |||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Кәсіпорындағы дозиметриялық, радиометриялық бақылау; | |
Қосымша еңбек функциялары: | |||
Еңбек функциясы 1: |
Дағды 1: |
Машықтар: | |
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік (3 жылда 1 рет) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы, атом энергиясы пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары. | ||

Дербестік және жауапкершілік | ||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: |
"Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген); | ||
СБШ-нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ-нің деңгейі: | Кәсіптің атауы: | |
6 | 2133-1-003 Инженер-эколог |
4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері
12. Мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының
13. Энергетика министрлігі. Орындаушы: Нұрым Қазыбек Айдарұлы,
14. +7 (7172) 78 97 64, k.nurym@energo.gov.kz.
15. Әзірлеуге қатысқан ұйымдар (кәсіпорындар): ҚР ЭМ "Ядролық физика институты" ШЖҚ РМК. Жобаның жетекшісі: Төлегенов Мұрат Шәкенұлы, +7 (777) 246 45 08, m.tulegenov@inp.kz. Орындаушы: Мухортов Михаил Сергеевич, +7 (707) 177 93 19, m.mukhortov@inp.kz.
16. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: 2024 жылғы 6 қарашадағы атом саласының кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңесі отырысының № 17 хаттамасы.
17. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 2024 жылғы 19 қарашадағы кәсіптік стандарт жобасын сараптау қорытындысы бойынша кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органның қорытындысы.
18. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы: 2025 жылғы 3 ақпандағы № 01120/35 сараптамалық қорытынды.
19. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 2-нұсқа, 2025 жыл.
20. Болжамды қайта қарау күні: 2028 жыл.