Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Жарықты сәулелендіруші диодтар үшін қажетті оңтайлы жұмыс режимін қамтамасыз ететін радиоэлектронды құрамдас бөліктер – жарықты сәулелендіретін диодтар және токты шектейтін резисторлар орнатылған ток өткізетін жолдар жүргізілген конструктивті негізден тұратын жарықдиодты лента (жарықдиодты тор) сыртқы экономикалық қызметтің 1 Тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8543 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |