Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша жарықдиодты лентаны (жарықдиодты торды) сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 153 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Жарықты сәулелендіруші диодтар үшін қажетті оңтайлы жұмыс режимін қамтамасыз ететін радиоэлектронды құрамдас бөліктер – жарықты сәулелендіретін диодтар және токты шектейтін резисторлар орнатылған ток өткізетін жолдар жүргізілген конструктивті негізден тұратын жарықдиодты лента (жарықдиодты тор) сыртқы экономикалық қызметтің 1 Тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8543 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады