Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын оңтайландыру мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7.Кеңес отырыстары әдетте ай сайын, айдың екінші жұмасында өткізіледі. Қажет болған кезінде Кеңес отырысы алдында көзбе көз форматта Кеңес отырысы күн тәртібінің мәселелері бойынша сараптамалық отырыстар өткізілуі мүмкін.";
б) 31-тармақтағы "Кеңес отырыстарында қаралады" деген сөздер "Кеңес қарайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"38.Кеңес шешімдері Комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларымен белгіленген нысан бойынша бланкіде 1 дана (бұған бейнеконференция барысында және сырттай дауыс беру жолымен қабылданатын шешімдер қосылмайды) етіп ресімделеді.
39. Кеңес шешімдеріне Кеңес мүшелері отырыс барысында қол қояды.
Кеңес шешімдеріне қосымшалардың соңғы беттері Кеңес Төрағасының және Алқа Төрағасының қолдарымен куәландырылады";
г) ІІ бөлім мынадай мазмұндағы 7-кіші бөліммен толықтырылсын:
"7.Кеңес актілерін сырттай дауыс беру жолымен қабылдау
45¹.Кеңес актісі отырыс (Кеңес мүшелерінің күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша талқылау және дауыс беру үшін бірлескен қатысуы) өткізбей-ақ сырттай дауыс беру жолымен қабылдануы мүмкін.
45². Кеңес актілерін сырттай дауыс беру жолымен қабылдау ұсынылатын мәселелер тізбесін (бұдан әрі - сырттай дауыс беруге арналған тізбе) Алқа мақұлдаған және Алқа отырысына ұсынған мүше мемлекеттердің оларға қатысты ескертпелері жоқ акт жобалары бойынша мәселелер арасынан Алқа Төрағасы қалыптастырады.
45³. Кеңес актілері сырттай дауыс беру жолымен қабылданған жағдайда олар Кеңес мүшелерінің санына сәйкес келетін данада ресімделеді.
454. Алқа Төрағасы сырттай дауыс беруге арналған тізбені Кеңес актілері жобаларының даналарын және осы Регламенттің 22-тармағына сәйкес қалыптастырылған құжаттар мен материалдар топтамасын және Алқа отырысына ұсынылған қаралатын мәселе бойынша мүше мемлекеттің ұстанымын қамтитын құжаттарды қоса тіркеп, Кеңес Төрағасына және Кеңес мүшелеріне сырттай дауыс беру қорытындылары шығарылатын күнге (күні көрсетіле отырып) дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жолдайды. Қосымшаларын қоса, Кеңес актілерінің барлық жолданатын даналарының әр бетіне сыртқы жағынан Комиссияның қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге жауапты Комиссия құрылымдық бөлімшесінің қызметкері виза қояды.
455. Егер сырттай дауыс беру қорытындылары шығарылатын күнге дейін Кеңестің бір мүшесінен сырттай дауыс беруге арналған тізбеге енгізілген мәселе бойынша қол қойылған дана келіп түспесе, бұл жағдайда мұндай акт қабылданбаған болып есептеледі.
456. Кеңес актісіне сырттай дауыс беру кезінде оған енгізілген және (немесе) оның қосымшаларына енгізілген өзгерістермен (толықтырулармен, ескертпелермен, шарттармен және т.б.) қоса қол қоюға жол берілмейді. Егер Комиссияға сонда да Кеңес актісінің оған енгізілген және (немесе) оның қосымшаларына енгізілген өзгерістерімен (толықтырулармен, ескертпелермен, шарттармен және т.б.) қоса қол қойылған бір данасы келіп түссе, бұл жағдайда мұндай акт қабылданбаған болып есептеледі.
Сырттай дауыс беруге арналған тізбеге енгізілген мәселе бойынша Кеңес актісі жобасымен Кеңес мүшесінің келіспеушілігі кезінде тиісті мүше мемлекеттің Комиссиямен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органы Кеңес актісі жобасын ескертулері және ұсыныстарымен бірге қол қоймай қайтарады.
457. Сырттай дауыс беру жолымен қабылданбаған актіні қабылдау туралы мәселе (көзбе көз форматта немесе бейнеконференция арқылы) өткізілетін Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізіледі.
458. Сырттай дауыс беру қорытындыларын шығару күні Кеңес актісін сырттай дауыс беру жолымен қабылдау күні болып табылады.
Мұндай актіні қабылдау орны Комиссияның болу орны болып табылады.
459. Комиссия сырттай дауыс беру қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей мүше мемлекеттерді сырттай дауыс беру қорытындылары туралы хабардар етеді.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |