Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 қарашадағы № 143 шешімімен бекітілген Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет туралы ереженің 7-тармағына сәйкес:
1. Қоса беріліп отырған Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамы бекітілсін.
2. Мыналардың:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет туралы" 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №172 шешімінің 2 және 3-тармақтарының;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамын бекіту және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 172 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 12 қарашадағы № 257 шешімінің;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 13 мамырдағы № 58 шешімінің;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы № 11 өкімінің;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 20 қазандағы № 119 өкімінің;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 109 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің ҚҰРАМЫ
Армения Республикасынан | ||
Азизян |
– |
Армения Республикасы Экономикалық даму және инвестициялар министрлігі Зияткерлік меншік агенттігінің басшысы |
Мелконян | – |
Армения Республикасы Экономикалық даму және инвестициялар министрінің бірінші орынбасары |
Хачикян | – |
Армения Республикасы Экономикалық даму және инвестициялар министрлігінің Зияткерлік меншік агенттігі бастығының кеңесшісі |
Беларусь Республикасынан | ||
Балабуев | – |
Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық милицияның экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бас басқармасының бірінші басқармасы бастығының орынбасары |
Бровкин | – |
Зияткерлік меншік ұлттық орталығының бас директоры |
Сильченко | – |
Беларусь Республикасы Ғылым және технологиялар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары |
Таипов |
– |
"БелБренд" зияткерлік меншікті қорғау қауымдастығының төрағасы |
Чеботарь | – |
Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары |
Шашков | – |
Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы |
Қазақстан Республикасынан | ||
Әбдірахманов | – |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының басшысы |
Әбдуәлиева | – |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры |
Азимова | – |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
Бейсенов | – |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаменті директоры |
Исабеков | ‒ |
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономикалық интеграция департаментінің сарапшысы |
Кабираева | – |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті мониторинг және талдау басқармасының басшысы |
Қазиева | – |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты Тауар белгісіне халықаралық өтінімдерді сараптау басқармасының бастығы |
Кәрімова | – |
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кедендік әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары |
Құразов | – |
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ресей Федерациясындағы Өкілдігінің директоры |
Мәдиев | – |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция департаменті бастығының орынбасары |
Мамашева | – |
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры, кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры |
Пан | – |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры |
Радостовец | – |
"Республикалық тау-кен өндіретін және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры |
Тюлебекова | – |
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономикалық интеграция департаменті директорының міндетін атқарушы |
| ||
Абакиров | – |
Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары |
Акжолтоев | – |
Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы кедендік ресімдеу бөлімінің инспекторы |
Байзаков | – |
Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік зияткерлік меншік және инновациялар қызметі төрағасының орынбасары |
Касымали улуу | – |
Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің Еуразиялық экономикалық қоғамды үйлестіру басқармасы Еуразиялық экономикалық қоғаммен жұмыс бөлімінің меңгерушісі |
Майманов | – |
Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет 3-ші бөлімінің аға жедел уәкілі |
Сариев |
– |
Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы кедендік ресімдеу бөлімінің бас инспекторы |
Шин | – | Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет 3-ші бөлімінің бастығы |
Ресей Федерациясынан | ||
Ваничкин | – | Ресей Федерациясы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Евтухов | – |
Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары – статс-хатшысы |
Ивлиев | – |
Зияткерлік меншік жөніндегі федералдық қызметтің басшысы |
Карташов | – |
Федералдық монополияға қарсы қызмет Жарнаманы және жосықсыз бәсекелестікті бақылау басқармасының бастығы |
Лещенко | – |
Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Әлеуметтік даму және инновациялар департаменті директорының орынбасары |
Максимов | – |
Федералдық кеден қызметі басшысының орынбасары |
Поповичев | – |
"РусБренд" фирмалық сауда маркаларын өндірушілер достастығы" коммерциялық емес әріптестіктің атқарушы директоры |
Ромашова | – |
Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі Нормативтік құқықтық департаментінің директоры |
Склярова | – |
Федералдық монополияға қарсы қызмет Жарнаманы және жосықсыз бәсекелестікті бақылау басқармасы бастығының орынбасары |
Сысоева | – | Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтастық және еуразиялық интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары |